Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4295 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 14:33

Егістік жерлерді ұлғайту бағытында жұмыс жасалып жатыр

ОҚО облысы - ел аумағы бойынша егістік жер көлемі көп аймақ. Алайда, облыс барымен шектелмей, егістік жерлерді ұлғайтуға жұмыс жасап жатыр. Мысалы,  ОҚО Созақ ауданында суармалы жер аз, сондықтан суармалы жер көлемін ұлғайту мәселесі күн тәртібінде тұр. Ол үшін ирригациялық жүйелер ретке келтіруді қажет етеді. Ауданда биыл 380 миллион теңгеге «Біресек» су қоймасының құрылысы аяқталып, балансқа қабылданды. Онда 2,2 миллион куб су жиналады. "Осы қойманың арқасында 2018 жылы суармалы жердің көлемін 700 гектарға ұлғайтсақ деген жоспар бар", дейді Созақ ауданы әкімдігінің мамандары. Ауданда жалпы 12 су қоймасы бар. Бірақ суармалы ретінде тұрған 2,5 мың гектар жер пайдаланылмайды. Оның мақсатын ауыстырып, 2018 жылға дейін 1,5 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізілетін көрінеді. "Соның арқасында 5 мың гектар суармалы жерді 6,5-7 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланған",  дейді Созақ ауданы әкімдігінің мамандары . 

- Облыста төрт канал сот шешімімен иесіз мүлік ретінде балансымызға алдық. Енді каналды жөндеуге қаржы бөлінсе, тағы біраз жерді суландыру мүмкіндігі туады. Осыншама жер сауармалы ретінде қолданысқа енсе, қаншама аудан тұрғындары жұмыспен қамтылып, табыс көзіне айналдырған болар еді, -дейді «Біресек» су қоймасының мамандары.  

Ветеринария саласындағы рейтингтік көрсеткіш бойынша Созақ ауданы биыл облыста екінші орын алды.

-Ауданда мал шаруашылығымен де айналысатын болғандықтан, ветеринария саласын жоғары деңгейге көтеруіміз керек. Биылдың өзінде ауданда мал шомылдыратын типтік үш әуіт салынды. Бұл іс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Әр ауылдық округке арнайы орын белгіленіп, сметалық құжаттарын да дайындалған. Бұл жұмысты жыл сайын 3-4 әуеттен салып отырса, толық бітіруге болады екен, - дейді Созақ ауданы әкімдігінің мамандары.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588