Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2564 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 14:17

"Мемлекеттен субсидия алдық, қайтарымы жақсы"

ОҚО да мемлекеттен бөлінетін субсидияның есебінен шаруашылықтар өсіп келеді. Мәселен, ОҚО, Бәйдібек ауданында Назарбаев Мақсат Кеңесұлы басшылық жасайтын «Назарбаев» жеке кәсіпкерлігі бар. Асылтұқымды мал шаруашылығымен айналысады. Өткен жылдың наурыз айында Астанадан сиырдың австралиялық Абердин-ангус асылтұқымды түрінен 90 бас құнажын, ал желтоқсанда асылтұқымды үш бұқа сатып алған Мақсат Назарбаев бұл етті сиырлардың жерсінуі оңай екенін айтады. Рас, кейбіреулер сиырларына жылдам салмақ қосу үшін үшін дәрі-дәрмек пайдаланатынын естіп жатамыз, ал Абердин-ангустерге оның қажеті жоқ. Табиғи түрде жылдам салмақ қосу мүмкіндігіне ие. Жергілікті бұқалар күніне 400-500 грамм салмақ қосса, бұлар күніне 1,5-2,5 келі аралығында салмағын ұлғайта алады. Генетикасы жақсы. Тағы бір ерекшелігі: бұзаулары анасынан кішкентай болып туылып, тез өседі. 40 градус аяз бен 35 градус ыстыққа шыдамды әрі ауруға төзімді болып келеді.

«Мемлекеттен субсидия алдық, қайтарымы жақсы. Дегенмен, мал басын көбейтуге тағы біраз жәрдем керек. Егістік көлемі аз: бар болғаны 85 гектар. Құдай қаласа, тағы жер сұрап жатырмыз. Мемлекет осы жағынан қол ұшын созса, қалған шаруаны өзіміз айналдыра береміз. Жер сұрап, жергілікті атқарушы билікке, министрлікке хат жазғанмын, бірақ әзірге шешімін таппай тұр. Негізі, ереже бойынша 1 бас малға 6-7 гектар жайылым жер қажет. Сондай-ақ, суармалы жеріміз болмаса, жем-шөпті сатып алуға тура келеді. Бұл бізге ешқандай пайда әкелмейді», — дейді жеке кәсіпкер Мақсат Кеңесұлы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578