Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2371 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 14:13

Бәйдібектегі жаңашылдық өрісі

ОҚО аудандарының шаруашылық ыңғайы әртүрлі болып келеді. Мысалы, Бәйдібек ауданында ірі өндіріс орны болмағанымен, ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді.

88 жылдық тарихы бар, үш рет құрылып, екі рет тарқап, атауы үш рет өзгерген, соңғы рет 1996 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бәйдібек ата кесенесіне барған кезде мемлекет басшысының ұсынысымен Бәйдібек аталған аудан Ордабасымен көршілес, шекаралас жатыр. Бірақ екеуінің тыныс-тіршілігі екі басқа. Ордабасыда өндіріс ошақтары жиі шоғырланса, Бәйдібек ауданында мұндай ірі бірде-бір өндіріс орны жоқ. Жергілікті тұрғындардың негізгі айналысатын шаруасы ауыл шаруашылығы. Табиғаты қатал, желі адуынды ауданда мал және егін шаруашылығы жолға қойылған.

Ауданның жуырда тағайындалған жаңа әкімі Бақытбек Танагөзов өте байсалды, оқыған-тоқығаны мол, істің көзін таба білетін, тәжірибелі азамат екенін алғашқы кездесуінде-ақ аңғартып үлгерді. «Қаламның ұшында найзаның құдыреті, сұсы бар дейді. Қаламмен керемет дүниені де жазуға болады, үкім де жазуға болады». Алғаш танысқан сәтте-ақ өзінің осындай ойымен бөліскен аудан басшысы жылы жүзімен әңгімені төмендегідей жалғады.

Ауданға басшы болып келе сала талдау жасадым. Қаражаттың 7,2 пайызы, яғни 648 миллион теңгесі ғана жергілікті бюджеттің үлесі екен. Бұл өте төмен көрсеткіш. Ауылдық округтердің әкімдерін жинап, жергілікті бюджеттің көлемін көтеру мәселесін күн тәртібіне қойдым. Елді көркейту үшін жергілікті табыстың маңызы орасан. Қазір дотациялы аудан есептелеміз, бірақ болашақтағы мақсат өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аудан атану. Ол үшін инвестиция тартып, жаңа өндіріс орындарын ашып, қайта өңдеу салаларын дамыту аса қажет, дейді аудан басшысы Бақытбек Төленұлы. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576