Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2312 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 14:10

Жаңа зауыт шаруалардың тіршілігін үдетпек

ОҚО ай сайын ауылшаруашылық саласының тынысын ашқан жаңа жобалар іске қосылады. Мәселен, ОҚО Ордабасы ауданында трактор құрастыратын зауыттың іске қосылғанын хабарлаған ек.  Бұл Оңтүстік шаруаларының бейнетті тіршілігіне жаңа леп сыйлағандай еді. Ауылшаруашылық секторы қарқынды дамыған Оңтүстік Қазақстан облысында егістік алқаптарына енді өз техникалары қолданылатын болады.

Сондай-ақ, қазіргі таңда аталған зауытта қазір 33 адам бар жұмыс істеп жатса, тұрақты іске кіріскен жағдайда жұмысшылар саны 76-ға жетеді. Жалақылары 60-140 мың теңгенің аралығында. Барлығы да ауылдың адамдары. Дәнекерлеуші, электрик деген секілді мамандар ғана Шымкенттен қатынап істейді. Бұл мақсатта зауыттан көлік қаралған, түскі астары да кәсіпорын есебінен.

Бұл өз кезегінде өңірдегі жаңа жұмыс орындарының ашылуына әм еңбек күшінің өсуіне дәнекер болады. Өңір халқын қуантқан жаңалықтың шаруалар үшін пайдасы мол екені нақ.

Кәсіпорынның қуаттылығы жылына екі мың трактор құрастыруға лайықталған. Техникалардың бағасы 24-28 мың АҚШ доллары аралығында. Сапасы жақсы, ішінде бар жағдай жасалған, желдеткішіне дейін бар. Бұзылған жағдайда сервис орталығы жұмыс істейді. Үш жылға дейін кепіл беріледі. Бұзылса, қосалқы бөлшектерін апарып, жөндеп береді. Зауыт өкілдері трактордың негізі үш жылға дейін бұзыла бермейтінін айтып отыр. Алдағы уақытта трактор көптеп шығарыла бастаса, лизингке де сату жоспарда бар екен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578