Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2492 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 14:04

Қазақтың өз тракторы бар

ОҚО, Ордабасы ауданында трактор құрастырылатын болды деген ақпарға алғаш көпшілік онша илана қоймаған болатын. Бұл да бір «жарнамасы жер жарғанымен, жөргегінде тұншығатын жоба» деп ойлағанын несіне жасырамыз?! Бірақ бұл ертегі емес екен.

«Казкиоти» зауытының өндіріс жөніндегі жауапты қызметкері Нұрлан Сатыбалдиев оңтүстіккореялық компаниямен бірлесіп іске асырған зауыттың құрылғыларын кореялық мамандар орнатып, қалай жұмыс істеу керектігін үйретіп кеткенін айтты. Бұл жақтың мамандары да Кореяға барып, 2-3 ай сонда оқып келген. Зауыт іске кіріскелі бері 98 трактор құрастырып, сатылған. Әзірге трактордың үш түрлі маркасы құрастырылуда. Оның ең қуаты төменінің 60 аттық күші бар болса, одан кейінгісі 76 және 100 аттық күші бар техникалар.

«Жаңа жылдан кейін 160 және 230 аттың күші бар техника құрастыру жоспарланып отыр. Осы мақсатта Түркия мен Ресейден құрылғыларға тапсырыс бергенбіз. Олар келсе, техниканың түрі тағы көбейеді. Тракторларымыз ауылшаруашылық жұмыстарының барлығына да қолайлы, кешенді есептеледі. Сүт өндіретін, құс фабрикалары да арнайы тапсырыспен істетті. Түркістан, Мақтарал жақтан тапсырыс көп», дейді Нұрлан Сатыбалдиев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4938
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4135