Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2548 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 13:52

Бір ауылда бес фермерлік жылыжай бар

ОҚО жылыжай өнімдерін өндіруде алғашқы орында. Облыс аумағында жылыжайлар саны көп. Мәселен, ОҚО, Ордабасы ауданы, «Шұбар» ауылдық округінде 8500-дей тұрғын тұрады. Ауылшаруашылық мақсатындағы 15750 гектар жердің 1300 гектары суармалы, 7400 гектары жайылым да қалғаны тәлімі жер саналады. 6 елді мекенде 6 мектеп, №18 техникалық білім беру колледжі бар. Келесі жылы тағы бір үлкен мектептің іргесінің қалануы жоспарға енгізіліп отыр. 60 орындық бір мемлекеттік және «Балапан» бағдарламасы бойынша ашылған әрқайсысы 200 орындық екі жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Бір мәдениет үйі, екі кітапхана халыққа қызмет көрсетсе, бір емхана мен үш фельдшерлік акушерлік пунк тұрғындардың денсаулығын күзетуде. Орталықта бір гектар жерге жаңа мәдениет үйінің құрылысын жүргізу үшін құжаттар рәсімделіп қойылыпты. Үш елді мекеннің тұрғындары тәулік бойы таза сумен қамтылса, тағы осынша елді мекеннің скважинасы қазылып, сынамасы алынған. 2017 жылға олардың құжатын рәсімдеуге қаржы қаралуда. Ал 2018 жылы іске қосылады деген болжам бар. Бүгінгі таңда бұл ауылдың тұрғындары ауласындағы баспа құдықтары арқылы жер асты суын пайдалануда. Суы таза.  Ауданда үлкен ГЭС салынып жатыр екен. Оның құрылысы біткен жағдайда бірталай тұрғындардың көгілдір отын мәселесі шешімін таппақ. Тоқсансай деп аталатын елді мекенінде 100-150 отбасыға «ҚазТрансГаз» АҚ-ның жүзеге асыруымен газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол 2017 жылы толық бітуі тиіс.

Ауыл адамдарын жұмыспен қамту мақсатында ұйымдастырылған кәсіпорындар көптеп саналады. Ауылдық округ аумағында ірі есептелетін тас қияқтайтын карьер, 5 гектар фермерлік жылыжай бар. Кеңес дәуірінен бері жұмыс істеп келе жатқан «Шұбар» асылтұқымды кешенде 7,5 мыңға жуық талпақ танау өсірілуде. Онда 50 шақты жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша шағын кәсіпкерлікке ауылдық округімізден 30-ға жуық адам оқытылды. Оларға ұсыныс беріліп, соның ішінде 15-і несие алды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576