Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2596 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 11:45

Асарлықтар жылыжай шаруашылығын алға жылжытуда

Шымкенттегі «Асар» шағынауданында тұратын ағайын жылыжаймен қамтылған. Мұндағы шаруалар жыл он екі ай көкөніс өсіріп, баспанасының несиесін өтеуде. Жасөспірімдер де қалыспай, жазғы демалыста көкөніс пен гүлдерді баптап жүр.

«Нұрлы көп» бағдарламасы аясында бой көтерген Асар шағын ауданының бүгінгі тыныс-тіршілігі қуантады. Тұрғын үйлер жасыл желеккке көмкерілген. Әрбір тұрғын үйдің қасындағы жылыжайлар көкөніске тұнып тұр. Раушан Ешәлиева былтырғы жылы алғаш рет болгар бұрышын егіпті. Тұрғындарға көшеттерді «Асар» жылыжай серіктестігі тегін үлестірген. Жақсы күтімнің арқасында шаруа мол өнімге кенелген.  «Бірінші рет бұрыш отырғызсам да, бастамам жаман болған жоқ. Биыл да былтырғыдан әлдеқайда тәжірибелі болып қалдым. Уақытылы суын құйып, дәрісі мен дәрумендерін беріп тұрса, күзге дейін тәп-тәуір өнім алуға болады екен. Жұмыс жоқ деп қол қусырып отыра бергенше, осы жылыжайларға көшет егіп, өнім алып отырсақ әжептәуір көмек болатыны сөзсіз», - дейді Раушан апай.

Шаруалардың тағы бірі Ұлбосын қызанақ егумен айналысады. Ақпан, наурыз айында отырғызылған қызанақ көшеттері жаздың ортасынан күздің ортасына дейін өнім береді екен. Асарлықтарға жасөспірімдер де көмектесетеді. Жазғы демалыс кезінде оқушылар жылыжайды арамшөптерден тазартып, суарады, артық бұтақтарын кеседі. Қызанақ жергілікті асханаларда қолданылады, артқаны басқа аудандарға сатылымға шығарылады.  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602