Жексенбі, 24 Қараша 2024
Ерлік 4502 0 пікір 19 Желтоқсан, 2016 сағат 12:12

ЖЕЛТОҚСАН ЖАРАСЫ ҚАШАНҒЫ ЖҮРЕКТІ СЫЗДАТА БЕРМЕК?..

17 желтоқсанда Алматы қаласындағы Республика алаңында Желтоқсан құрбандарын еске алу рәсімі болды. Алаңға, Желтоқсан мен Сәтбаев көшелері қилысында  орналасқан Желтоқсан құрбандарына арналған ескерткіш маңына бұл жолы жиналып, тағзым еткендер саны мол болды.

Желтоқсан қасіретіне арада өткен 30 жылдың әсері болды ма, жоқ қазақтың санасы ояна бастағаны ма, әлде бұрын ашық көрінбей келген Желтоқсанда зардап шеккендердің көптеп келуінен бе екен, әйтеуір адам көп болды.

Осыдан 30 жыл бұрынғыдай Алматы аспаны түнеріп тұрды. Қар қылаулап, еттен, сүйектен өтетін ызғар есті...

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, белгілі қазақ ақыны Мұхтар Шаханов бастаған ақсақалдар, желтоқсаншылар, алаңға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жариялап, құрбандарға бағыштап құран оқылды.

Бұдан кейін Алматы қаласындағы «Жұлдыз» ресторанында Желтоқсан құрбандарына арналып, құран оқылып, ас берілді. Аталмыш аста алғашы болып, сөз алғандар: Мұхтар Шаханов, Жұмаш Көкбөрі, Әбиүрбек Тінәлі және т.б. белгілі азаматтар болды.

Міне, осымен отыз жыл бойы қазақ жүрегін сыздатып келген Желтоқсан жарасы сол сыздатқан күйі қалғаны жалған емес.  Желтоқсан қасіреті төңірегінде шешілмеген сұрақтар мен байлау түйіні қиын сұрақтар көп. Ал, жүректі сыздатқан ауыр жараның қашан жазылатыны әлі белгісіз. Таза ақиқатқа қол жеткізу үшін енді қанша жылдың керек екені де жұмбақ?..

Әр жүрекке түскен Желтоқсан жарасы жүректерді сол сыздатқан күйі келе жатыр.

(Алдағы уақытта бұл төңіректе жан жақтылы қозғайтын боламыз...)

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592