Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәселенің мәні 3422 0 пікір 19 Желтоқсан, 2016 сағат 08:43

МҰНАЙ ӨЗІМІЗДІКІ, ПАЙДАСЫН РЕСЕЙ КӨРЕДІ...

Бензин (жігіттер білу керек)

Евро-0 (1988)
Евро-1 (1992)
Евро-2 (1995)
Евро-3 (1999)
Евро-4 (2005)
Евро-5 (2009)
ЕВРО-6 (2015)

Бензиннің (жанармайдың) "Euro" стандартының жетілуі - бұл сұйық отынның жану процесіндегі экологияға зиян келтірудің шкалалық көрсеткіші. Яғни, Euro-ның эволюциясы. Қысқасы неғұрлым еуроның сандары өссе, соғұрлым мәшинеңізден түтін аз шығады...

Енді танысып көрейік:

1) "АИ" деген Автомобильдік бензин

2) Сол АИ-дың жанында тұратын (АИ-80, АИ-92, АИ-95,АИ-98)
Нормаль-80
Регуляр-92
Премиум-95
Супер-пупер-98

Бұл сандар бензиндегі ОКТАН сандары. Октан дегеніміз - карбюраторлық іштен жану қозғалтқыштарында жанармайлардың детонацияға төзімділігін сипаттайтын шартты көрсеткіш. Яғни Октан бензинде қаншалықты көп болса, бенизиннің жану жындамдылығы өте тез болады.
АИ-100 деген меніңше шықпайтын сияқты. Максимум осы шығар. 100 шығарамын дегенше, баламалы энергияға кеткен жөн сияқты.

3) Евро-ның табиғатқа зиян келтіру шкаласын көрейік

Евро-0 (12,3%)
Евро-1 (4,5%)
Евро-2 (4,0%)
Евро-3 (2,1%)
Евро-4 (1,5%)
Евро-5 (1,5%)
ЕВРО-6 (білмеймін. Бірақ бірден кіші болмайды )
Бұл пайыздар экологияға зиян тигізетін монооксид көміртегі.

Жанармай - 72 С градуста мұз болып қатып қалады. Сол мұздың сыртын АП материалмен орап, тұтандарсаң мұз от болып жанады деп айтуға негізі болмайды.

Ұят енді. Ресей Евро-5 тен төмен жанармайға тиым салды. Ал біз ана-а-у жақта жүрміз әлі.

Біз 2015 жылы тұтындық. Не тұтындық?

Бензин - 3,8 млн тонна ( 473,1 млрд)
Солярка - 1,3 млн тонна (141,9 млрд)
Нығыздалған газ - 319,2 млн тонна (15 млрд )

Вооот. Ең қызық жері біз бір жылда (3,8 млн тонна) бензин тұтынсақ, соның 1,1 млн тоннасын Ресейден сатып аламыз екен.

Мендегі азынаулақ ақпарат осы. Енді сізге сұрағым бар:

(Біз неге 25 жылда ең болмаса жанармай өңдейтін зауыт ашып, ең болмаса өзімізді қамтамасыз етпедік?)

Ертең мұнай туралы әңгіме айтып беремін. Әлде уран туралы ма?

Нұрсұлтан Қасеке

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3264
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5594