Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2812 0 пікір 17 Желтоқсан, 2016 сағат 11:07

Түлкібаста 20 жаңа нысан ел игілігіне берілді

110 мың халқы бар Түлкібас ауданы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын  ерекше  қарсы алды. Ауданда соңғы бір айда  20-ға жуық  әлеуметтік нысан  пайдалануға берілді. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ауданда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту ретінде халыққа қажетті таза ауыз су беріліп,  шалғай ауылдарда білім мен мәдени ошақтары,  денсаулық нысандары мен тұрғын үйлер бой көтерді.  Өркениет елдердегідей   ауылдарға аяқ жолдар салынып, ішкі көшелер жөндеуден өтті.  Халықты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорында қосымша цехтар ашылып, қарапайым спорт алаңшалары  мен әкімшілік ғимараты да  ел игілігіне берілді.

Жаңа нысандардың ашылуында аудан  басшысы Әуелхан Тұрғымбеков  соңғы 25 жылда атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті.

Сонымен қатар, жақында Түркістан жұртшылығы көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Халықаралық маңызы бар «Бейнеу-Бозой» магистралды газ құбырының шарапатын көрушілер қатарында түркістандықтардың да саны артып келеді. 

Құрылысы 2015 жылы басталған жобаға облыстық бюджет есебінен жалпы құны 1 млрд. 120 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда шаһардағы «Сауран» ықшам ауданына толығымен газ тарату жүйелері жүргізіліп, жеке тұрғын үйлерге газ кіргізу жұмыстары жалғасуда. Жоба бойынша аталған ықшам аудан аумағындағы 7500 абонент табиғи газбен қамтылуы тиіс болса, бүгінгі күнге дейін 500-ге тарта абонентке табиғи газ кіргізілген. Алдағы күндері қалған абоненттерді газдандыру жұмыстары жалғасын таппақ.  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598