Ауданда 3130-дан астам кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді
Елбасының ұлт жоспарында көрестілген шағын және орта кәсіпкерлдікті дамытьу, өндіріс орындарын ашу мәселесі Созақ ауданында оңды жолға қойылып келеді. Ауданда 3130-дан астам кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді. Жыл сайын орта есеппен 270-ке жуық жаңа субъектілер қосылып отырады екен. Оның ішінде сауда-саттық, қызмет көрсету бағыты басымдау.
Ауданда өндіріс аз болғандықтан, орта кәсіпкерлікті дамыту қиын шаруа. 110 шақырым жерде Түркістан қаласы бар. Оған баратын жол да асфальт. Тұрғындар қажетті заттарының барлығын сол жақтан алып келеді. Жергілікті әкімдік кәсіпкерлікті дамыту үшін «Қазатомпром» АҚ-ына қажетті өнімдер өндіруге басымдық беруді ойластырған.
Осы мақсатта 50 гектар жерге индустриалды аймақ ашып, қазірдің өзінде онда 4 жоба жүзеге асты. Біреуі бөшке шығарса, екіншісі арматураланған құбыр өндіреді. Үшіншісі тұрмысқа қажетті құбыр, тағы біреуі ас тұзын өндіреді. Ауданда тұздың үлкен кен орны бар. Қазір тұз өндіру басталды. Ол аралтұздан кем емес. Бесінші жоба – автол, тосол майын құятын бөшке өндіретін зауыт. Он айдың қорытындысымен 400 миллион теңгеден астам өнім өндірілген. Ондағы кәсіпорындарда 70-ке жуық адам жұмыс жасауда. Бесінші зауыт іске қосылса тағы 50 адам жұмыспен қамтылмақ.
Abai.kz