Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2861 0 пікір 15 Желтоқсан, 2016 сағат 13:57

Төлебиде екі медициналық нысан ашылды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Төлеби ауданы Көксайек пен Қаратөбе ауылдық округінде екі фельдшерлік акушерлік пункт ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты қос ауылда жаңадан ашылған денсаулық сақтау мекемелері Кувейт мемлекетінің ҚР «Азия Мұсылмандар Комитетінің дүниежүзілік қайырымдылық қоры» демеушілігімен салынып отыр. 
Сонымен қатар, әлеуметтік нысандардың салтанатты ашылу рәсіміне Төтенше және өкілетті Кувейт мемлекетінің Қазақстандағы елшісі доктор Тарек Абдулла Аль-Фарадж мырза мен аудан әкімі Б.Парманов қатысты.
Осы жылдың шілде айында құрылысы басталған ФАП-қа 19 ми ллионға жуық қаржы жұмсалған. 
Денсаулық сақтау мекемесіне керекті барлық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген жаңа денсаулық сақтау мекемелері  800-ден астам халыққа алдыңғы қатарлы медициналық қызмет көрсететін болады. 
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда  Төлеби ауданында денсаулық сақтау саласында 2 аурухана, 10 отбасылық дәрігерлік амбулатория мен 24 фельдшерлік акушерлік пункт және 16 дәрігерлік пункт 118 мыңға жуық аудан халқына мінсіз қызмет жасауда.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4932
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4129