Конкурс жарияланды
ОҚО-да жүзеге асып отырған "Ашық әкімдік" жобасының негізгі қағидасы әкімдік жұмысының ашықтығын халыққа көрсету болып табылады. Осы орайда ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялап отыр. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары мынадай: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Сонымен қала әкімінің кеңесшісі, Е-3 санаты, 1 бірлік бойынша бос орынға конкурс жарияланды. Функционалдық міндеттері:
құрылыс, жер пайдалану, сәулет және қала құрылысы жұмыстарын жақсарту жолдары туралы ұсыныстар беру;
сәулеттік-қала құрылысы заңнамасын сақтауы бойынша ұсыныстар мен кеңес беру;берілген жер учаскелерін заңдастыру жөніндегі ұсыныстар мен қаулы жобаларын дайындауы бойынша ұсыныстар мен кеңес беру;
жерді, жер учаскелерін сатып алу, сату, жалға беру, тіркеуге алынуы бойынша ұсыныстар мен кеңес беру;
жер учаскелерінің сауда-саттығын (аукцион) өткізу жұмыстарының орындалуы бойынша ұсыныстар мен кеңес беру;
агроөнеркәсіп секторына реформаларды жүргізу, саланы қаржылай сауықтыру, ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық өсуін жылдамдату және экспорттық потенциалын арттыру үшін инвестиция тарту жұмыстарының ұйымдастырылуын қадағалау;
халықтың денсаулығын адам және жануарға ортақ аурулардан қорғау мақсатында жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастырылуын қадағалау;
қала әкімінің тапсырмаларының орындалуын бақылау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
гуманитарлық, экономикалық, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауыл шаруашылық, білім, қаржылық, құқық, сәулет, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша.
Абай ақпарат