Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Мәйекті 2546 1 пікір 14 Желтоқсан, 2016 сағат 13:30

Коммуналды мәселеге қатысты сұрағыңыз болса, Call орталығына хабарласыңыз

Оңтүстік Қазақстан облысы Елбасының «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының 94 қадамында айтылған «Ашық үкіметті» енгізу жайлы тапсырмасын республикада алғаш болып іске асырды. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Бұл жоба – «Ашық әкімдік» деп аталды. Аталған жоба аясында тұрғындар мен басшылар арасындағы кедергілер жойылып, тосқауылдар болмауы керек. Тұрғындар кез-келген мәселеге қатысты арыз-шағымдарын «Ашық әкімдік» қызметі шеңберінде істеп тұрған байланыс орталықтарына хабарласып, жеткізе алады. Осыған орай коммуналдық мәселеге қатысты Call орталығы ашылған болатын. Сонда 3 ай ішінде  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығына 2420 тұрғыннан түрлі сауалдар келіп түсіп, тиісті шаралар атқарылған. Аталған сұрақтардың 731-і жылу мәселесіне қатысты болса, көгілдір отын бойынша 238, электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі негізінде 254, ауыз су бойынша 160, Шымкент қалалық ТҮКШ бөліміне 238, Шымкент қаласы аудандарының әкімдіктеріне 413 хабарлама жолданған. Ал қалған 386 арыз-шағым өзге де жауапты мекемелерге жіберіліп, тұрғындардың өтініштері қанағаттандырылған.

Байланыс орталығының мамандары бұдан былай туындаған барлық коммуналдық мәселер жөнінде облыс бойынша өтініштер қабылдайтынын айтады.

Өңірдегі коммуналдық мәселелерді оңтайлы шешіп, жұмыстарды жүйелеу мақсатында барлық аудан, қалалардағы жергілікті газеттерде бірыңғай байланыс Call-орталығының 8(7252) 39-55-55 нөмірлері көрсетілген хабарландыру жарияланатын болады. Сондай-ақ, бұл орталықтың нөмірін коммуналдық түбіртектерден де таба аласыз.

«Ашық әкімдік» аясында өңіріміздегі кез-келген байланыс орталықтарына хабарласа аласыз. 

Абай ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4144