Бейсенбі, 28 Қараша 2024
Жаңалықтар 2847 0 пікір 13 Желтоқсан, 2016 сағат 14:59

Мәдениет және спорт мекемелерінің есебі тыңдалды

Отырар ауданы әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдеріне қарасты мекемелер мен мектептердің есептері тыңдалды деп хабарлайды аудан әкімдігінің ресми сайты Елбасының 94 қадамын, яғни "Ашық әкімдік" жобасын іске асыру мақсатымен.  Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Есеп барысында  мекеме басшылары жыл басынан бері атқарған жұмыстары туралы есепті баяндамаларын жасап, қол жеткізген жетістіктер мен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілетін іс-шараларға тоқталды.   Есеп барысында аудан әкімі сала басшыларына кітапханаларға оқырмандарды көптеп тарту, халықты кітап оқуға ынталандыру мақсатында насихаттық шараларды жүргізу маңызды екендігін жеткізіп, мемлекеттік тілмен қатар, ағылшын тілін қарапайым деңгейде меңгеруге күш салуды, ауданымыздағы мемлекеттік қызметшілерден арнайы топ ашуын, оқыту жұмыстарын жүргізу қажеттілігін айтты. Ал, Мәдениет сарайы қызметкерлерінің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында шалғай елдімекендерге гастролдік сапарға шығуын ұйымдастыруды, мұнымен шектеліп қалмай жүйелі түрде үнемі жалғастыра отырып жұмыс атқаруды тапсырды. Аудан әкімі  спорт саласын дамыту бойынша бұқаралық спортты тұрғындар арасында насихаттау мақсатында аудандық спорт бөлімінің басшысына бірқатар тапсырмалар берді. Соның ішінде әрбір елдімекендерде жекеменшік және мемлекеттік әріптестік аясында немесе  демеушілерді тарта отырып, ойын алаңдарын салу үшін жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1562
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3367
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6408