Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2238 0 пікір 13 Желтоқсан, 2016 сағат 14:41

Онлайн режимде көптеген сұраққа нақты жауап берілді

Халық шынайы ақпаратқа қашанда мұқтаж. Әрі бұл ақпаратты облыс әкімі, басқарма басшылары, жергілікті әкімдер ресми түрде таратса, халық пен билік арасында ешқандай түсініспеушілік болмайды. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Әкім – облыста соңғы тоқетер сөзді айтатын, қорытындылайтын адам болып есептеледі. Халық та облыс әкімінің сөзінен қуат алады. Осыған дейін Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен Оңтүстік Қазақстан облысында «Ашық әкімдік» жобасы жүзеге асты. "Ашық әкімдік" жобасы - жаңа технология заманына бейімделіп, арнайы кездеспей-ақ, ғаламтор желісі арқылы көптеген мәселелерді шешуге болады. Бұл жоба бойынша, 1 жылға жуық уақыт ішінде онлайн режимде көптеген сұрақтар қойылып, арыз-шағымдар жіберіліп, қысқа мерзімде оларға жауап беріліп, арыздар қанағаттандырылды. Сондай бір онлайн тілдесуде облыс әкімі мен тұрғын арасында ашық диалог орнады.  

Сұрақ: Құрметті Оңтүстік Қазақстан облысың әкімі! "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" бағдарламасы аясында ОҚО бойынша білім беру саласында бірқатар нысандарға Ұлттық қордан қомақты қаражат қарастырылғаны белгілі. Облысымыздың аудандар кесііндісінде аталған нысандардың құрылысы, қай басымдылықта бағытталғаны жөнінде мәлімет берсеңіз?

Жауап: Құрметті Төлешов Ермек! Қазіргі таңда "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" бағдарламасы аясында, Ұлттық қордан облысымыздың аудандарына білім саласы бойынша 5 959 895,0 мың теңгеге 10 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 2 апаттық мектептің, 7 үш ауысымды мектептің және бір 280 орындық бала-бақша нысандары қамтылған. Яғни, Мақтарал ауданында 1 мектеп, Сарыағаш ауданында 2 мектеп, Сайрам ауданында 5 мектеп, Қазығұрт ауданында 1 мектеп және Түркістан қаласында 1 бала-бақша. Басым көпшілігінде халық тығыз орналасқан аудандар қамтылып отыр.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627