Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2333 0 пікір 13 Желтоқсан, 2016 сағат 14:19

Кезек талонын электронды жүйемен алуға болады

Мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыруды Елбасы өзінің "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында тапсырған болатын. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

 Бұл бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында "Ашық әкімдік" жобасы негізінде жүзеге асырылып келеді. Құжат алуды оңтайландыру мақсатында Шымкентте  ашылған фронт-офис бүгінде халыққа қызмет көрсетіп келеді. Қызмет көрсету аясы кеңейіп келе жатқан офис тұрғындарға кезекті мынадай жаң ақызмет түрін ұсынып оытр. Мамандар онлайн орын алу жүйесін іске қосты. Азаматтардың уақытыңызды бағалаған  фронт-Офис оның жұмыс істеу кестесіне сәйкес жолығу уақытын алдын ала белгілеу мүмкіндігін беріп отыр.

Қажет ақпаратты толтырғаннан кейін қолданушыға  орын алу коды беріледі. Фронт-Офис электрондық кезек талонын алу үшін Сізге терминалдағы «Онлайн орын алу» пернесін басу арқылы алынған кодты енгізу қажет. Oрын алу уақыты кеңсеге жолығуға дейінгі кем дегенде 1 (бір) сағат бұрын және орын алу формасын толтырған күннен бастап 1 (бір) аптадан аспайтын мерзімге қойылады.

Алынған орын белгіленген уақытқа дейнгі 30 (отыз) минут ішінде және белгіленген уақыттан кейінгі 30 (отыз) минут бойы жарамды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін алынған орын автоматты түрде жойылады. Фронт-Офис бару уақытын брондау Астана қаласының уақытымен жүргізіледі.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625