Жексенбі, 24 Қараша 2024
Осы ғой енді... 4091 0 пікір 13 Желтоқсан, 2016 сағат 11:02

МҰНАЙ ӨНДІРУДІ ҚЫСҚАРТУ ҚАШАҒАНҒА ӘСЕР ЕТПЕЙДІ

Қазақстан мұнай өндіруші елдермен жасасқан келісім бойынша өндіріс көлемін тәулігіне 20 мың баррельге азайтады деп хабарлады кеше энергетика министрлігі.

10 желтоқсанда Венада мұнай өндіруші елдер ұйымы (ОПЕК) және оған кірмейтін елдер (Әзербайжан, Бахрейн, Боливия, Экваторлық Гвинея, Қазақстан, Малайзия, Оман, Ресей, Судан және Оңтүстік Судан) министрлерінің жиыны өткен. Онда мұнай өндірісі көлемін азайту туралы ортақ келісім жасалған.

Келісім бойынша, ОПЕК елдері мұнай өндірісін тәулігіне 1,2 миллион баррельге дейін азайтып, тәуліктік норманы 32,5 миллион баррельге түсіреді. Ұйымға кірмейтін елдер өндірісті 558 мың баррельге дейін азайтады. Келісім келесі жарты жылдықтың соңына дейін күшінде болмақ.

Қазақстан келісім бойынша өндіріс көлемін қарашада өндірген мұнай көлемінен азайтпақ. Қазақстан қарашада 1,7 миллион баррель мұнай өндірген.

Министрлік 20 мың баррель мұнай Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы кеніштерінде өндірісті қысқарту есебінен азайтылатынын, Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кеніштерінде өндіріс көлемі азаймайтынын айтады.

Келісімге сай, Ресей тәуліктік өндіріс көлемін 300 мың баррель, Мексика 100 мың баррель, Әзербайжан 30 мың баррель, Малайзия 20 мың баррельге азайтуға міндеттеме алған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5623