Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2841 0 пікір 12 Желтоқсан, 2016 сағат 16:23

«Kazakhstan Forbes» журналының тізіміне енген 30-ға жуық бизнесмендер Шымкентте бас қосты

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде «Kazakhstan Forbes» журналының тізіміне енген 30-ға жуық бизнесмендер мен өңіріміздегі ірі кәсіпкерлер бас қосты. Бизнес конференцияға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев инвестициялық мүмкіндіктері мен туризм индустриясының жетістіктерін атап өтті.

Отандық өндірісті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалғанын айтқан әкім кәсіпкерлер үшін инфрақұрылымы дайын тегін жер беріліп, онда коммуналдық тарифтері төмен және салықтық жеңілдіктер қарастырылғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол банктік несиенің пайыздық сыйақысын субсидиялау, банкке мемлекеттік кепілдік беру сияқты мүмкіндіктер бар екеніне тоқталды. 

Мәселен, облыста индустриялды-инновациялық жобаларды іске асыру мақсатында жалпы аумағы 959 гектар құрайтын 11 индустриалдық аймақ құрылған. Бүгінде бұл өндірістік алаңшаларда 160-тан астам жоба орналастырылса, оның 56-сы жұмыс жасауда. Ал өңірде соңғы 6 жылдың ішінде өңдеу өнеркәсібінің түрлі салаларында 145 кәсіпорын іске қосылып, 13 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.

Бизнесмендердің бас қосуында көне Түркістан қалашығын жаңғырту бойынша эскиздік жоба мен Қ.А.Яссауи кесенесінің аумағын абаттандыру жобасы. Сонымен қатар, өңірімізді көркейтудегі жобалардың қатарына «Сарыағаш» курорты аумағын кеңейтіп, халықаралық деңгейге көтеру,  Шардарада жағажай туризмін дамыту мақсатында Шардара су қоймасы аумағында демалыс аймақтарын орналастыру жобасы, облыс аумағында тау-шаңғы туризмін дамытуға бағытталған халықаралық стандарттарға сай «Қасқасу» туристік рекреациялық кешенін іске асыру, өндірістік жылыжайларды көбейту, Шымкент қаласын дамыту сынды жобалар  кәсіпкерлер назарына ұсынылды.

Елбасының Шымкент қаласын республикадағы үшінші мегаполиске айналдыру бойынша тапсырмасына орай, облыс орталығы инвесторларға арналған үлкен алаңға айналуы тиіс. Осы орайда, облысқа инвестиция тарту мақсатында бағытталған шараға «Kazakhstan Forbes» журналының тізіміне енген 30-ға жуық ірі кәсіпкерлер келді.

Жиында TS Development компаниясының президенті және «Dostyk PLAZA», «Shymkent PLAZA» жобаларының иесі С.Төлбасов Шымкент қаласындағы ең ірі сауда орталықтарының бірі болып  табылатын «Shymkent PLAZA» жобасына 16 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйғанын айтып,  бүгінгі  ашылуына шақырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5607