Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2490 0 пікір 12 Желтоқсан, 2016 сағат 15:14

Салық төлеу жеңілдей түсті

Салық төлеушінің ең басты міндеті салық пен өзге де міндетті бекітілінген заңнамаға сәйкес, бюджетке төлемдерді уақытылы және толықтай төлеу болып табылады. Уақытылы төлем жүргізу, мемлекет алдындағы қарызыныз қандай және оны қайдан анықтауға болады? Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

 

Қажетті ақпараттарды Салық басқармасы, ХҚКО-тары және «Электрондық үкімет» порталы арқылы алуға болады. Бүгінде бұл қызмет Оңтүстік Қазақстан облысында «Ашық әкімдік» жобасы шеңберінде ХҚКО және «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылуда.

«Салықтық қарызы, міндетті зейнеткерлік төлемі, міндетті кәсібилік зейнеткерлік төлемі мен әлеуметтік төлемдерді дербес шоттан шешу, салықтық міндеттердің жағдайы бойынша қарыздар, сонымен қатар зейнеткерлік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және әлеуметтік төлемдерді есептеп шығару туралы мәліметтерді ұсыну» мемлекеттік қызметі 5,3 және 2 жұмыс күн ішінде, сұраныстың түріне байланысты көрсетіледі. ХҚКО арқылы анықтамаларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, себебі, қызмет алушының өтініші мен құжаттары қағаз тасығышта қаралады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:  анықтамаларды беру;   көшірмелерді беру;  немесе қызмет алушының лауазымдық тұлғасының куәландырылған электрондық сандық қолы, электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауабы болып табылады. Қызмет алушының лауазымдық тұлғасының куәландырылған электрондық сандық қолы, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы үндеуі кезінде «жеке кабинетке» бағытталады.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5609