Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3912 0 пікір 12 Желтоқсан, 2016 сағат 00:00

Ордабасыда 3 балабақша ашылды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, «25 жұлдызды күн» акциясы аясында Ордабасы ауданында мемлекеттік және жекеменшік әріптестік негізінде 3 балабақша ашылып, осылайша іске қосылған жекеменшік балабақша саны 25-ке жетті.
Мерейлі күні Қажымұқан ауылында «Алтыншаш ана» бөбекжай балабақшасы ашылып ел игілігіне берілді. Аталған бөбекжайда 125 бүлдіршін 5 топқа бөлініп тәрбие алуда. Сонымен қатар мұнда 21 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Осы күні Шұбарсу ауыл округінде пайдалануға берілген «Айназия» балабақшасында 6 топта 150 бала тәрбиеленбек. Заман талабына сай жабдықталған бұл балабақшада жас өскіндерді сапалы тәрбиелеп, ой өрістерінің өсуіне, яғни білімді болып ер-жетуіне барлық жағдай жасалған.
Сонымен қатар, Бадам ауылындағы «Алтын Орда» бөбекжай балабақшасы пайдалануға беріліп, бүлдіршіндер мен ата-аналарды қуанышқа бөледі. Білім мен тәрбие ісіне өз үлестерін қосатын мектепке дейінгі мекемеде 150 балаға тәрбие алмақ. Мұнда 28 адам жұмыспен қамтамасыз етілген.
Тұрғындардың қуанышымен бөлісе келген аудан әкімі А.Мамытбеков ауыл тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жеке кәсіпкерлерге алғыс айтты.
Жалпы Ордабасы ауданы бойынша бүгінгі таңға жекеменшік балабақша саны 25-ке жетті. Бүгінгі күні аудандағы 40 балабақша мен 21 шағын орталықта 6375 бала мектепке дейінгі білім мен тәрбиемен қамтылған. Бұл аудан бойынша бүлдіршіндердің 82,9 пайызын құрайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2077
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4949
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4159