Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2114 0 пікір 11 Желтоқсан, 2016 сағат 15:48

Субсидияға өтінішті электронды түрде тапсырады

Қазақстанда ауыл шаруашылығы қарқынды түрде дамып келеді. Қазақстан ауыл шаруашылығына көп көңіл бөледі. Себебі, ауыл шаруашылығының экономиканы дамытуға алар орны ерекше. Әрі ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс ешқашан азайған емес. Адам саны көбейген сайын ауыл шаруашылығы өнімдеріне де сұраныс өсе береді. Қазіргі таңда диқандар өнімдерін алып жатыр. Тағы бір айта кетерлігі, диқандар ауыл шаруашылығына арналған жерді қажет етеді. Оған үкімет тарапынан жер беріліп, субсидия бөлінеді.

Міне, осы субсидияның бір бөлігін енді ешкім өз падйасына жарата алмайтын болады. Яғни, заңсыздыққа жол берілмейді. Елбасы тапсырмасымен жүзеге Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асқан «Ашық әкімдік» жобасы аясында аталған салаға халықтық бақылау жасалып, арнайы мамандар жіті қадағалап отырады. Қазір «Ашық әкімдік» жобасы шеңберінде жаңа технологиялар қолданысқа кеңінен енгізілуде. Жаңа технологиялармен тығыз жұмыс істейтін «Smart Ontustik» бағдарламасы «Ашық әкімдік» жобасы аясында келесі жылдан бастап іске қосыла бастайды.

Бұл бағдарламада жерсерiктiк бақылау ауылшаруашылығы саласында да кеңiнен қолданылмақ. Жер серiгi арқылы шаруалардың егiстiк жерi фотоға түсiрiлiп, онда қандай дақыл егiлгенi, аумағы неше гектар екенi анықталады. Сөйтiп, бұл ақпарат субсидия алу үшiн бе­рiл­ген өтiнiштегi мәлiметтермен са­лыс­­тырылады.

Субсидия тек қана бақы­лау спутнигiнен алынған дәл ақпарат бойынша төленедi. Шаруа ендiгi ретте өтiрiк iс-әрекетке барып, егiстiк жерiнiң көлемiн әдейi ұлғайтып көрсете алмайды. Алдағы кезде фермерлер субсидияға өтiнiштi кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығына барып электронды түрде тапсырады.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578