Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2661 0 пікір 11 Желтоқсан, 2016 сағат 15:46

Жер телімі электронды әдіспен беріледі

Оңтүстік Қазақсан облысында жыл сайын адам саны көбейіп келеді. Біздің өңір жер көлемі жөнінен әлемде 9 орын алатын Қазақстан елінің демографиялық мәселесін шешуде оң ықпал етуде. Әрине, адам саны көбейген соң, жерге деген мұқтаждық да пайда болады. Осы уақытқа дейін бірқатар азаматарға жер заңсыз берілгені анықталған болатын. Осыған байланысты жергілікті әкімдік тарапынан тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда жерге қатысты мәселелер оң шешімін тауып, түсінбеушіліктер күрт азайды. Алдағы уақытта аталған мәселені мүлдем шешіп тастауға болады. Елбасы тапсырмасымен Оңтүстік Қазақстан облысында «Ашық әкімдік» жобасы іске асты. Аталған жоба бойынша мемлкеттік қызмет оңтайланып, сапасы арта түседі. «Ашық әкімдік» жобасы аясында жаңа технологияға көп мән беріледі. Сондай бағдарламаның бірі – «Smart Ontustik».

Келесі жылдан бастап іске қосыла бастайтын, қызметін жандандыратын бағдарлама жерге қатысты бiрқатар мәселенi шеше алады. Алдағы уақытта бас жоспар да, жер телiмiне берiлетiн рұқсат құжаттары да электронды әдiске көшiрiледi. Бағдарлама арқылы аудандағы жердi үлестiру тәртiбi қатаң бақыланады. Сөйтiп, жер дауларының пайда болу себептерi бiржолата жойылады. Бұдан былай электронды жүйенiң рұқсатынсыз ешкiмге жер телiмi берiлмейдi.

Жер учаскесiнiң пайдалану мақсатын өзгерту оңтайландырылады. Бұрын ол үшiн бiраз мекеменiң табалдырығын тоздыруға тура келетiн. Ендi интернеттiң көмегiмен жерге берiлген мемлекеттiк актiнiң функцияларына арнайы код арқылы кiресiз де жердiң пайдалану мақсатын өзгерту үшiн бiрнеше секундтың iшiнде тапсырыс бере аласыз. Карьерлердi пайдалану да жер серiгi түсiрiлiмi арқылы күн сайын бақылауда болады. Құм, шағыл тас секiлдi құрылысқа қажеттi шикiзаттар өндiрiлетiн аумақтарда жер бедерiнiң 1 шаршы метрге болса да өзгергенiн байқау қиынға соқпайды.

Абай ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584