Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2269 0 пікір 11 Желтоқсан, 2016 сағат 15:45

Қала автобустарында "Ашық әкімдік" жобасы насихатталуда

Биыл Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды. Осы қысқа мерзім ішінде Қазақстан көптеген шаруаларды тындырып, әлемге танылып үлгерді. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

 Келесі жылы Алматы, Астанада бүкіл әлемнің назары ауатын Универсиада және EXPO көрмесі өтеді. Аталған шараларға әлемнің түкпір-түкпірінен жүз мыңдаған делегация, әр саланың мамандары, туристер келеді. Олар сонда Қазақстанмен тереңірек танысады. Қазақстанның даму көрсеткішіне баға береді. Олар тек, Алматы, Астана қалаларымен шектеліп қалмай, бүкіл Қазақстанды аралайды. Себебі, туристер көп келеді. Олар Қазақстанның барлық жерін аралағанды құп көреді. Шетел туристерінің Оңтүстік Қазақстан облысына келу мүмкіндігі өте жоғары. Себебі, ОҚО орталығы – Шымкент қаласы Қазақстандағы үшінші мегаполис. Міне, осы себепті де, Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының 94 қадамы аясында «Ашық әкімдік» жобасы іске асты. «Ашық әкімдік» жобасы аясында аудан, қала әкімдерінің ресми сайттары топтастырылып, ОҚО әкімдігінің ресми сайтының шеңберіне кірді. Сайттар арқылы облыс тұрғындары мен билік өкілдері тығыз байланыс орнатты. Дегенмен, осы сайттарды көп адам біле бермеуі мүмкін. Қайда шағымданарын білмеген адам не істерін білмейді. Шағымданбаған соң, көптеген мәселелер шешілмей қалып жатады.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында «Green Bus» ЖШС автобустарында орнатылған экрандарда www.shymkent.gov.kz сайтын қала тұрғындарына кеңінен насихаттауда. Егер автобусқа отырсаңыз, сіз қала әкімінің ресми парақшасын насихаттайтын бейнероликерден бөлек, қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен түсірілген бейнематериалдарды тамашалай аласыз. Бұл бейнематериалдарда қалада атқарылып жатқан жұмыстар жайлы, сенім телефондарына қалай байланысуға болатыны жөнінде ақпараттар беріледі.

Қала әкімінің ресми сайтына кіріп, сіз талап-тілектеріңізді қалдыра аласыз. Мұнда «Ашық әкімдік» жобасын іске асыруға бағытталған халықтық бақылау, қала әкімінің виртуалды қабылдау бөлімдері жұмыс істейді. Сондай-ақ, арнайы «Ашық әкімдік» тетігін басып, онлайн конференция арқылы да сұрақтар қоя аласыз. 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588