Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2289 0 пікір 11 Желтоқсан, 2016 сағат 15:40

Қазығұртта фронт-офис бар

Елбасының тапсырмасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында өз жұмысын бастаған "Ашық әкімдік" жобасы негізінде Шымкентте фронт-офис ашылған болатын. Оңтайлы қызмет түрлері енді облыс орталығында ғана емес облыстың өзге де аудандарында көрсетілуде. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Мәселен дәл осындай фронт-офис Қазығұрт ауданында да ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде қазығұрттықтар барлық қажетті анықтамаларға қол жеткізіп, құжаттарды рәсімдей алады. Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, аптасына алты күн жұмыс істейді және  530 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Қазіргі таңда Қазығұрт ауданы бойынша мемлекеттік корпорацияның 2 фронт-офисі қызмет атқарады.

Олар Қазығұрт ауыл округі, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі № 90/1 және Қазығұрт ауыл округі, Қазығұрт ауылы, С.Рахымов көшесі № 1. Аталған офистерде бір терезе жүйесі бойынша мемлекеттік қызметтің 400 түрін, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және жұмыспен қамту сынды өзге де салалар қамтылған. «Фронт-офистің» қызметіне жүгіну арқылы кез-келген тұрғын өз уақытын үнемдеуіне болады.

Қуантарлығы, бұл электронды жоба бюрократиялық қағазбастылықтан құтылу, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының санын азайту, билік органдары мен халықтың арасындағы кедергілерді азайтуға мүмкіндік бермек. Фронт-офистің тиімді тұсы мұнда барлық қызмет электронды түрде жүзеге асырылады. 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584