Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2916 0 пікір 10 Желтоқсан, 2016 сағат 15:56

"Ашық әкімдік" жобасы аясында есеп берілді

Елбасы «Нақты 100 қадам» - Ұлт жоспарының бесінші бағытында есеп беретін мемлекет құру керектігін айтып өтті. Сол себепті, жергілікті әкімдіктерге қызметті оңтайландыру қажеттігін айтып, халыққа есеп беретін тетіктерді дамыту қажеттігіне тоқталды. Осы бағытта Оңтүстік Қазақстан облысында «Ашық әкімдік» жобасы іске қосылып, Президент тапсырмасын республикада бірінші болып іске асырды. Облыс орталығы Шымкент қаласында «Ашық әкімдік» жобасы зор қарқынмен жүзеге асуда. Жақында Шымкент қаласының ресми сайты бейнематериал түрінде халыққа бір жылда атқарылған жұмыстары туралы «Ашық әкімдік» жобасы шеңберінде есеп берді. Бұл бейнематериал Шымкент қаласының ресми сайтына орналастырылды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы қала тұрғындары үшін ең маңызды саланың бірі болып табылады. Сол себепті, коммуналдық шаруашылық бағдарламасы бойынша аталған салаларға биылғы жылы 6,5 млрд тг жуық қаржы бөлінді. Бұл дегеніміз өткен жылғымен салыстырғанда 1,2 млрд теңгеге өскен. Ал, 2015 жылға қарағанда 13,3 млрд теңгеге артық. Осылайша көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша өткен жылмен салыстырғанда бөлінген қаржының көлемі шамамен 6 млрд тг өскен. Осыған байланысты қалаішілік жолдардың жалпы ұзындығы 2810 км және 2331 км дейін өсті.

  2016 жылы жергілікті бюджет есебінен шаһардағы 21 көше жарықтандырылды. 6 саябақта түнгі шамдар қойылып, 30 жолақты жолдар төселді. Жарықтандыру бойынша осы уақыт ішінде қала аумағында 30 мың дана жарық шырақтары орнатылған. Ол 24 көше мен 689 аула, қосымша 4 көшеге қайта құру жұмыстары жүргізіліп, қазан айына дейін пайдалануға берілмек. Бұған жергілікті бюджеттен 455.7 млн. теңге бөлінген. Әсіресе шаһарда жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жолдардың құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Биыл қалалық бюджеттен тротуарлар және велосипед жолақтарын салуға 2 353.0 млн. теңге қаржы қаралған. 

Айта кетерлігі, қазіргі таңда қада әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес «Таза қала», «Таза аула» құру үшін шаһардағы тұрғын үй аулаларында жаңа қоқыс сандықтарын орнату әрі жаңарту құрылысы бойынша жұмыс істелінуде.

Абай ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576