Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2317 0 пікір 10 Желтоқсан, 2016 сағат 11:44

Шаруашылықтың бұл түрі шығынды үнемдейді

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының бағбандары гектарына 50 тоннаға дейін өнім алды. Бұл соңғы технологияларды қолдану арқылы егілген баудың жемісі. Еліміздің оңтүстігіндегі диқандар бау-бақша өнімдері мен көкөністерге деген сұраныстың басым бөлігін қамтамасыз етіп отыр.

Соңғы жылдары оңтүстік бағбандары бау егудің озық әдістеріне көше бастаған болатын. Биыл Оңтүстік Қазақстанда жиналған алма, алмұрт, жүзімнің көрсеткіші өткен жылдардағыдан жоғары. Өйткені жемістің көбі қарқынды баудан жиналады. Нарыққа бейімделген шаралар, бағбандар ау аумақтан көпп өнім алатын технологияны меңгеріп келеді. Ауыл шаруашылығы саласы мамандарының айтуынша, классикалық бауларға бір гектарға 250 түпке дейін ғана көшет отырғызылады, ал қарқынды бауларға бір гектарға үш мың түпке дейін алма ағашын отырғызуға болады. Қарқынды бақ бес есеге дейін көп өнім береді. Бауды міндетті түрде тамшылатып суғару керек. Осы жолмен суғарылғанда ғана минералдық тыңайтқыштар көшеттердің тамырына ысырапсыз тез жетеді. Ал тыцғыз орналасқан ағаштардың бойы алас болып келеді. Мұның да өз тиімділігі бар. Мысалы, алма бағына жұмсалатын шығынның алпыс пайызы алма жинауға кетеді екен, ал қарқынды бақтардағы алмалардың биіктігі небәрі 2-2,5 метр болғандықтан алма жинау мүмкіншілігі бірнеше есеге артады. Осы арқылы шығынды үнемдейміз. Жаңа әдісті оңтүстіктің диқандары жатсынбай бірден қабылады, соңғы екі-үш жылда өнімнің көлемі айтарлықтай артты. Арнайы бағдарлама бойынша 2020 жылға дейін қарқынды баудың көлемі 20 мың гектарға дейін ұлғайтылмақ. Алғашында қарқынды бауға бейімделген көшеттер елімізге Еуропа елдерінен әкелінді. Алдыңғы жылдан бері «Амангелді» шаруашылығы көшеттерді тәлім бақта өсіріп бағбандарға жерсінген, өзіміздің сорттарды ұсына бастады. Еліміздің оңтүстігінде ашық күндер көп, температура жоғары. Сондықтан да жүзім жақсы өседі. Жүзімнің тайфи сортының құрамындағы қант 27 пайызға дейін жетеді. Ал бұл адам ағзасына өте пайдалы. Жақсы бапталған жүзімнің бір сағының салмағы 5 келіден асады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576