Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2312 0 пікір 10 Желтоқсан, 2016 сағат 11:24

Келесі жылға әзірлік басталып кетті

Мақтаарал ауданындағы ауыл шаруашылығы, оның ішінде егін, бау-бақша өнімдері тек аудан халқын ғана қамтамасыз етпей, басқа да ірі қалалардың тұрғындарына жеткізіліп тұрады. Жалпы, өнімді өткізуде кідіріс болған емес дейді шаруалар.

Аудан орталығы Жетісай қаласының орталық алаңында, Шымкент, Алматы, Астана және тағы басқа қала¬ларда ауданның ауыл шаруа-шылығы өнімдерін сататын жәрмеңкелер ұйымдастырылып тұрады. Негізінен, жәрмеңкеде шаруалар өздері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін базарлардағы нарықтан 15-20 пайыз арзан бағаға сатады. Қазіргі кезде халық мұндай жәрмеңкелердің өтуін қолдайды, сондықтан оның жиі ұйымдастырылып тұруы да заңды. 

Бүгінгі таңда ауданда 57,5 мың тонна мақта шикізаты, 584,2 мың тонна бақша өнімдері, 115,2 мың тонна көкөніс өнімдері және тағы басқа ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Айта кетер бір жетістік, негізінен ауданда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің 65-70% мен мақта шикізатының 85-90% шет мемлекеттерге экспортталады. Мұның барлығы, әрине, ерте көктемнен басталатын науқанға жауапкершілікпен қарауда жатыр. Шаруалар жанар жағармайдан қиындық көрген жоқ. Биыл ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне «Максимум» АИО ЖШС және «Ырыс» МҚҰ» ЖШС тарапынан көктемгі егін егу жұмыстарына 379 жобаға 596,2 млн теңге несие берді. Бүгінгі таңда 2017 жылғы көктемгі егін егу жұмыстарына да бөлінетін қаржыны шаруаларға өз уақытында жеткізу мақсатында құжаттарды қабылдау қазірден жүргізілуде. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562