Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2210 0 пікір 10 Желтоқсан, 2016 сағат 11:19

Жәрмеңкенің сәні - Оңтүстіктің өнімдері болып тұр

Жақында Астана қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда астаналықтарға Оңтүстік Қазақстан облысының 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаланды. Шын мәнінде бұл астаналықтар үшін үлкен сый болғаны рас.

Айта кетер жайт осы жәрмеңкеде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, ауыл шаруашылық өнімдерімен танысып қана қоймай, азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермейтін мұндай жәрмеңкелерді жиі ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды. Ал мұндай нарықтағы бағаға тосқауыл қоятын жәрмеңкелерді өткізу үшін Оңтүстік өңірге артылар үміт мол. Бір ғана Мақтарал ауданында биылғы жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша ауыл шаруашылық дақылдарынан өндірілген өнімдер көлемі ауыз толтырып айтарлықтай деңгейде болды.

Мәселен 915,0 тонна күздік бидай, 607 966,2 тонна бақша дақылдары, 125 999,0 тонна көкөніс дақылдары биылғы жылдың жемісті еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ 17 084,6 тонна картоп, 156 390,4 тонна мал азықтық дақылдары, 55 257,3 тонна дәндік жүгері, 1 537,7 тонна күнбағыс, 12965,0 тонна күріш, 428,7 тонна маш, 208 411,8 тонна мақта, 6 301,0 тонна жеміс-жидек және жүзім жиналған. Дегенмен бұл нәтижемен тоқтап қалмай жерді тиімді игеріп, егілетін өнім түрлерін көбейту, және мол өнім алу қазір оңтүстіктік шаруалардың басты мақсаты болып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562