Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2179 0 пікір 10 Желтоқсан, 2016 сағат 11:01

Болашақта жаңғақты экспортқа шығармақ

Жер еміп, жеміс теріп өскен оңтүстік өңірдің шаруалары диқаншылықты кәсіп көреді. Биыл 420 гектар жерге егілген түрлі жемістік баудан өнім жинаған бағбандардар еңбектерінің жемісін көрді.

Ерте көктемде бау-бақша ағаштары отырғызыла салысымен шаруашылықтың жұмысшылары алма ағаштарын дер кезінде бұтап үлгеру үшін асығады. Өйткені дер кезінде ағаштар бұталмаса, өнім аз болады. Алма мен алмұрттың, өрік пен шабдалының артық бұтақтары кесіледі. Егер бұтақтары кесілмесе, барлық нәрі бойына кетіп қалуы мүмкін екен. Оның үстіне аласа бойлы ағаштардан жеміс жинау да ыңғайлы. Биыл көктем ерте шыққандықтан шаруалардың жұмысы қарбалас болды. Олар бір жағынан артық бұтақтарды кесіп, бір жағынан зиянкестерге қарсы дәрі-дәрмекті шашып, бос жерлерге күн қызғанша басқа да көшеттер отырғызды. Мүндағы шабдалының көшеті Сербиядан әкелінген. Оңтүстіктің ауа-райына төзімді екен. «Биыл шабдалының отырғызылғанына төртінші жыл. Алғашқы жылдан бастап-ақ өнім берген, гектарына 10-15 тонна жеміс алынған. Ал 3-4 жылдан кейін әр гектарына 20-30 тоннаға дейін өнім береді. Бағбандар қарқынды бау отырғызғанға құштар. Жемісті мол береді, өнімділігі еселеп жоғары. Бау-бақша тамшылатып суғарылады», – дейді агроном Кәрімберді Құрбанбаев 

Оңтүстік әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы таудың бөктеріне 1800 гектар аумаққа алма мен жаңғақтың көшеттің көшеттерін отырғызды. Бағбандар бірнеше жылдан кейін жаңғақты экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562