Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3127 0 пікір 9 Желтоқсан, 2016 сағат 19:21

Мақталы өңір мақтанышымыз!

Оңтүстік өңірдегі мақтаның басым бөлігін өсіретін Мақтаралда биыл терім жұмысы жылдағыға қарағанда біршама ерте басталып, сәтті аяқталды. Ә демей-ақ, аппақ шағаладай болып ашыла бастаған "ақ алтын" алқаптарында белдеріне ақ фартуктарын байлаған терімшілер науқандық жұмысқа білек сыбана кірісіп, егінді дер кезінде шашпай төкпей жинап алды.

Үстіміздегі жылы мақтаралдықтар 83 мың гектарға мақта егіп, одан 200 мың тонна өнім жинауды басты мақсат еткен еді. Дихандар үшін осынау мол байлықты күзгі жауын шашынға ұрындырмай дер кезінде ысырапсыз жинап алу басты шаруа екені белгілі. Осынау аса маңызды жауапты науқан кезінде аудан әкімдігі мен Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ұйымдастыруымен "Мақта шаруашылығын дамыту және жиын терімге дайындық мәселелері бойынша" семинар кеңес өтті. Мұндай жиындардың басты артықшылығы дихандардың жерді игеру, өнім көлемін арттыру, соңғы заманауи жетістіктерді пайдалану секілді жаңалықтармен қарулануына жол ашады. 

Шаруалар осыған дейін аталмыш институттың эксперименталды мақталық алқабында болып, түрлі мақта сорттарының салыстырмалы өсу деңгейімен, өнім қорландыру процесімен танысты. Әр сегіз жүйекке бөлек бөлек егілген мақта қозаларын әр түрлі мөлшерде кешенді тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру нәтижесінде мол өнімге негіз қаланғанын көзбен көруге болады. Мәселен "Мақтаарал-4017" сортына егу, шанақтау гүлдеу кездерінде нитромофос пен аммиак селитрасы уақытылы нормаға сай берілген кезде әр түп қоза 25-30 көсекке дейін өнім салған. Дихандарға өткізілетін мұндай мамандар кеңесінің маңызы зор! Сондықтан жергілікті шенеуніктер дихандарға арнап мұндай кеңес семинарларды жиі өткізеді. Биылғыдай рекордты көрсеткішке мұндай шаралардың маңызы зор секілді. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566