Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2163 0 пікір 9 Желтоқсан, 2016 сағат 19:19

Түлкібастың табысы еселеп өсу үстінде

Оңтүстік Қазақстан облысында I жартыжылдықтың қорытындысында ауыл шаруашылығының өнiм көлемi 123 млрд. теңгенi құрап, 2 пайызға артқаны байқалған. Ал, егiс көлемi өткен жылдан 13 мың гектарға артып, 788 мың гектарды құраған.

Аграрлы аймақтың шаруалары осы жылы дәндiк жүгерiден 108,4 мың тонна, көкөнiстен 811 мың тонна, бақшадан 1 252 мың тонна, картоптан 195 мың тонна, масақты дақылдардан 470 мың тонна өнiм жинаған. Сондай-ақ, облыста алғаш рет бидайдың орташа өнiмдiлiгi 22 центнердi құрап, рекордтық өнiм алынып отыр. Облыста тамшылатып суару әдiсi қосымша алты мыңға жуық гектарға ендiрiлiп, жалпы көлемi 49,7 мың гектарға, ал, жылыжайлар қосымша 72 гектарға салынып, жалпы 1 098 гектарға жеткен. Айта кетейiк, жалпы елiмiз бойынша жылыжайлардың 87 пайызы Оңтүстiктiң үлесiнде. Осы жылыжайлардан 80 мың тонна көкөнiс өнiмдерi жиналған.

Оңтүстіктің мұндай жетістікке жетуінде Түлкібас ауданының да өз қосқан үлесі бар. Мәселен Түлкібас ауданы биыл 23,2 гектар аймаққа бұршақты дақылдар ексе, 26 центнерден өнім алып, егінді толықтай жинап, 60 тонна астықты қамбаға құйған. 949 гектар жерге көкөніс егілсе, орташа түсім гектарына 251 центнерді құрап, барлығы 24800 тонна астық жиналған. Сондай-ақ 591 гектар жерге картоп егіліп, 177 центнерден өнім алынып, 10600 тонна картоп жиналған. Дихандар биылғы түсімге риза. Дегенмен алдағы уақытта алынатын өнімдерді әртараптандырып, соңғы технологияларды пайдалану арқылы алынатын өнім көлемін арттыруды көздеп отыр. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5568