Күнбағыстың түсімі жақсы болып тұр
Жалпы Түлкібас ауданы таулы аймақта орналасқан. Ауа райы қоңыр салқын, алма-бау жеміс ағаштарын өсіруге өте қолайлы аймақ болып есептеледі. Бүгінгі таңда аудандағы барлық жеміс ағаштарының көлемі 3115 гектарды құрап отыр.
2020 жылғы мерзімде дейін аудан көлемінде алма бау көлемі 3600 гектарға жеткізіп, оның ішінде ауданда қарқынды бауларды өсіру дамытылып, өнім көлемін ұлғайту жоспарлануда. Алдағы мерзімде алманы тіпті Түлкібас ауданының брэндіне айналдыру жолында жұмыстар атқарылатын болады. Алайда алмамен ғана тоқтап қалмай бұл өңірдің шаруалары басқа да көкөніс жеміс жидек, дәнді дақылдардан жақсы түсім алуда. Мәселен биыл 11494 гектар аймаққа мақсары егілсе, оны 100 пайыз жинап алып, 11,1 центнерден өнім алынған. Осылайша 12752 тонна өнім жиналған. 224 гектар жерге жүгері егілсе, одан 47 центнерден өнім алынып, 1050 тонна өнім жиналған. Сондай-ақ 73,6 гектар жерге тары егіліп, одан 43 центнерден өнім алынып, 316 тонна астық қамбаға құйылған. Күнбағыстан алынған өнім де ауыз толтырып айтарлықтай. Биылғы жылы 124,6 гектар жерге күнбағыс егілсе, күзгі жиын терім кезінде оны дихандар 100 пайыз толғымен жинап алған. Орташа есеппен 18 центнерден өнім алынып, 224 тонна күнбағыс өнімі жиналған. Дихандар алдағы уақытта еңбек өнімділігін тіпті арттыру туралы ойлап отыр. Сондықтан түлкібастық дихандардың еңбекқорлығы мен жердің тілін табатын диханшылығынан күтер үміт мол болып отыр.
Abai.kz