Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2705 0 пікір 8 Желтоқсан, 2016 сағат 14:11

Көпқабатты тұрғын үйлерге лифт орнатылды

Елбасы тапсырмасымен іске қосылған «Ашық әкімдік» жобасы Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш болып жүзеге асты. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Бұл – Оңтүстік өңірінің жұмысқа деген зор құлшынысын, облыс әкімінің іскерлігін көрсетті. Облыс әкімінің қатаң тапсырмасымен бұл жоба аудандарда, облыс орталығында қарқынды түрде жүргізілуде. «Ашық әкімдік» жобасы аясында байланыс телефондарына хабарласып жатқандар көп. Нәтижелері жоба аясында жұмыс істеп тұрған Ontustik_derek интсаграм парақшасында жарияланып тұрады. 

Жақында «Ашық әкімдік» жобасы аясында Әл-Фараби ауданының тұрғындары Терешкова-Быковский көшесі бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде ұзақ жылдар бойы лифт істемей тұрғандығын айтып, ОҚО байланыс телефондарына хабарласқан еді. Осыған орай, құзырлы орындар іске кірісті. Нәтижесінде, бір ай уақыт ішінде сол көпқабатты тұрғын үйлерге лифт орнатылды.

Тұрғындар мұнан былай техника көмегімен жоғары-төмен еш қиналмай шығып-түсетіндігін айтып қуанды. Былтыр шаһардағы 18 мөлтекауданына қарасты Т.Рысқұлов көшесіндегі «Евразия» базарының жанындағы жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті өткелі пайдалануға берілген еді. Сол кезде тұрғындар көпірге шығып-түсудің қиындығын айтып шағымданған.

Осыған орай, көпірге шығып-түсетін лифт орнатып, іске қосылды. Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырыс беруімен мердігер - «Люкс Строй Sity» мекемесі осы нысанды халық игілігіне пайдалануға берді. «Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қариялар үшін жақсы жаңалық болды»,- дейді тұрғындар.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525