Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2667 0 пікір 8 Желтоқсан, 2016 сағат 14:08

Жаңа жоба нәтижесіз емес

Тұрғындардың тарапынан қолдау тауып отырған, республикада Елбасының тапсырмасы бойынша есеп беруге міндетті үкіметті қалыптасыру мақсатымен алғаш болып құрылған  «Ашық әкімдік» жобасы үш  негізгі бағытты құрайды. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Бірінші бағыты бойынша, әкімдік тарапынан қабылданатын шешімдердің ашықтығы қамтамасыз етілсе, екінші бағыт барлық мемлекеттік қызметтердің болашақта толық автоматтандырылуын көздейді. Ал үшінші бағыт жақын электронды қызметтердің порталын құрып, бұл әкімшілік тосқауылдарды жоюға, халыққа барлық мемлекеттік қызметтерді ашық және кедергісіз алуға мүмкіндік туғызады.

Сондай-ақ ел мен билік арасындағы ашық байланыс орнату ниетімен мамандар портла, әлеуметтік желілерде тұрғындарға басшыларға тілекей сауалын жолдау қызметін ұсынды. Мұндай мүмкіндікті әсіресе Сарвағаш ауданының тұрғындары жиі пайдаланып, игілігін көруде. Мәселен аудан тұрғыны басшыларға Бірлік ауылдық ауруханасындағы төсек орындарын қысқартпау мәселесін шешіп беруді өтінген болатын. Яғни бұрынғы қалпында он бес төсек орындық етіп қалдырылса деген өтінішін жеткізген.

Мәселені дереу қолға алған мамандар  Бірлік ауылдық ауруханасындағы төсек орындар бұрынғы қалпында он бес төсек орындық болып қалдырды. Өтінішітерін құлақ асқан мамандарға және жаңа жобаның мүмкіншіліктеріне тұрғындар өз тараптарынан алғыс білдірді. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529