Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3316 0 пікір 6 Желтоқсан, 2016 сағат 18:35

Шымкентте голландиялық раушан гүлдер мен пальма да өседі

 

Оңтүстік Қазақстанның Төле би ауданында Голландиядан әкелінген розалар мен пальма өсімдігі алдымен жылыжайда өсіріп, кейін ашық топыраққа отырғызылады. Осындай ерекше өсімдіктер өөсірумен айналысатын шаруашылқты мемлекет субсидия беру арқылы қолдап отыр.

2014 жылы «Жол картасы -2020» бағдарламасына сәйкес жылыжайға табиғи газ жүргізіліп, жолдары жөнделді. Осы жұмыстарға барлығы 110 миллион теңге қаржы жұмсалған екен. Осыдан кейін жылыжайдың аумағы тіпті ұлғайтылып, онда басқа да жеміс-жидектер отырғызыла бастады. Жылыжайдың бір бөлігінде жыл он екі ай саңырауқұлақтың түр-түрі өнім береді. Мұнда тек экологиялық таза өнімдер өндіріледі. Жылыжайдан голландиялық раушан гүолер ерекше орын алған. Негізінен бұл гүлдер қазақстанға шетелден әкелінетін. Енді міне, өз елімізде де өсіріле бастады. Олар соңғы екі жылда біздің жерімізге жерсінді. Олар бір қарағанда қарапайым раушан гүлдер секілді көрінеді. Алайда күщ мезгілінде олардың бұтақтары кесілген соң гүлдері тіпті тамаша, әдемі бола түседі. Сондай-ақ жылыжайда лимон, пальда ағаштары да өсіріледі. Мамандардың айтуынша пальма ағашы оңтүстікің топыағына тез жерсініпті. Қазір пальма ағашы жергілікті тұрғындардың ауласында да өсіп тұр. Жылыжай басшысы Мұқтар Өсербайдың айтуынша, жылына 1 гектар жерге 5 миллион субсидияны мемлекет береді екен. Жылыжайдың аумағы 5 гектар. Сондай-ақ мұнда алма, алмұрт, аива секілді жеміс ағаштары, декоративті көгілдір шырша, арша, қайың секілді ағаштар да жайқалып тұр. Алдағы уақытта шаруашылық жүзімдіктер отырғызуды, тағы бірнеше жылыжай салуды жоспарлап отыр.

абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458