Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 51342 3 пікір 6 Желтоқсан, 2016 сағат 14:01

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тұғырының беріктігі мен елдігіміздің тұтастығы Елбасымыз, егеменді еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасы екендігі баршамызға аян. Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ десек, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев бүкіл саналы ғұмырында Қазақстан халқының бақытты өмірі, баянды болашағы үшін бар қажыр-қайратымен еңбек етіп келеді. Өткенімізді саралай қарасақ, Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, беделді де абыройлы, әлемдік қауымдастық мойындаған, жедел дамудың даңғыл жолына түскен елдердің қатарына енді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін оңтүстікқазақстандықтар да жоғары деңгейде атап өтті. Мерекеге орай жер-жерлерде түрлі мәдени іс-шаралар өтті.

Түркістандағы мұражайда Президент күніне арналған көрме ашылды

Түркістан қаласындағы тарихи-этнографиялық мұражайда Президент күніне арналған көрме ашылды. Мұнда Елбасының Түркістан және Қазақстанның өркендеуі жолдары жазылған туындылары қойылған. Мұражайдағы экспонаттар Президентпен кездесу барысында жасалған фотосуреттер мен өзге жәдігерлермен толығып отыр.

«Қазақстанның рухани орталығы — Түркістан» деген Елбасының пікірін негізге ала отырып 2011 жылы ашылған «Тарихи-мәдени этнографиялық орталық» болашақта Түркістан тарихын зерделейтін ғылыми-зерттеу орталығына айналмақ.

Мұражайдың негізгі мақсаты — халықты Түркістанның рухани өмірінен, тарихынан хабардар етіп, оның ел мәдениетінде алар орнын, маңызын орталықтағы тарихи жәдігерлер жинағы арқылы көрсету. Мұндағы жәдігерлер сатып алу, сый немесе мұра ретінде қабылданған заттар есебінен, археологиялық экспедициялардың нәтижесінде толықтырылып отырады.

Шымкенттік оқушылар Елбасы жайлы эссе жазды

№65 мектептің түлектері Елбасына деген ыстық ықыластарын эссе жазу арқылы жеткізді.

Жасөспірімдер Қазақ елінің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері мен мақтаныштарын қазақ, орыс, және ағылшын тілдерінде жазды. Мұның барлығы Елбасының көреген саясатының нәтижесі екенін ұққан оқушылар, мұндай іс-шаралардың жастарды Отанын, халқын сүйіп, елжандылыққа тәрбиелеуге қосар үлесі зор дейді.

Мереке күні  90 полицей марапатталды

Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне орай Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің 90-нан астам қызметкері марапатталды. Департамент ғимаратында өткен салтанатты іс-шара Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұхамет Қасымовтың оңтүстікқазақстандық полицейлерге жолдаған, тұңғыш Президент күнімен құттықтау хатымен ашылды. Құттықтау хатта министр қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде ерен еңбектері үшін департаменттің жеке құрамына алғыс білдірген.

Одан кейін департамент бастығы, полиция полковнигі Жанат Сүлейменов кәсіби біліктілігімен танылған 90-нан аса қызметкерді марапаттады. Оның ішінде 19 полицей ішкі істер министрінің арнайы бұйрығымен марапатталып отыр.

Салтанатты жиын облыстың эстрада жұлдыздары мен жас өнерлі полицейлердің мерекелік концертімен жалғасты.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434