"БЕЛГЕ БАЛТА" ҚЫСТЫРУ ЕСТЕН ШЫҒАРЫП АЛАМЫЗ
Бүгін КТК-ның екі журналисі қолын жүрек тұсына қойып ән ұранға құрмет көрсетпегені көпшіліктің шамына тиді.
Бұл иә, "білгеніңді істеп ал, не қыла аласың" деген пиғыл. "Артымда арқыраған Ресей (Путин) бар" деген ой осы екеуінде ғана дейсіз бе?! Не, олар ҚР азаматтары емес.
Оларға бір жағынан рахмет айтуға да болады. Өз ұстанымдарын ашық көрсетуде. Осындайлардың қаншамасы қолын кеудесіне қойып, жеңіне пышақ жасырып тұр, кім білсін?!
Біздің халықты осындай ашық қадамдар жасап оятпаса, "Белге балта" қыстырып жүруді ұмытып кетеміз ғой...
Ақтамберді Назымұлы
Facebook-тегі парақшасынан