Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3342 0 пікір 4 Желтоқсан, 2016 сағат 16:32

Жеміс-жидек егетін шаруалар да көбейіп келеді

Шаруа қауым еңбек етсе ғана оның нәтижесі болатындығын бүгінде жақсы түсінеді. Сонымен қатар, диқандар мемлекет тарапынан берілетін қаржылай қолдауларды да тиімді пайдалануда. Себебі бұл қаражаттардың тигізіп жатқан септігі зор. Жалпы, аграрлық саланы дамытуға Үкімет тарапынан беріліп жатқан субсидияның мөлшері жылдан-жылға ұлғайып келе жатыр. Мысалы, қазір жердің құнары төмен болғандықтан, оған тыңайтқыш сеппей, өнім алу мүмкін емес. Бұл үшін мемлекеттен биыл 2,260 млрд теңге қаралды. Яғни, былтырғыға қарағанда 5 мың тонна артық тыңайтқышқа субсидия берілді. Дербес арамшөптерге қарсы химикаттарды алуға да мемлекет жәрдем береді.

Мақталы алқап – Мақтаралда бүгінгі күні тек мақта егу тиімсіз болып қалды. Себебі, шаруалар мақтаның пайдасын көремін деп соңғы жылдары әбден шығынға батқан еді. Мәселен, 2013 жылы бұл аймақта 96 мың гектар жерде мақта егілген болса, өткен жылы 84 мың гектарды құраған. Ал, биыл диқандар 77 мың гектарға ғана мақта өсірген. Мұның бірінші себебі, шілде-тамыз айларында егіс алқабын ағын сумен қамтамасыз ету мәселесі қиындайтындықтан, мақта дұрыс өнім бермейді. Бұл жердегі проблема су тапшылығы. Екінші мәселе, ауа райының қолайсыздығынан жиын-терім уақытында суыққа қалып кетіп, шаруаларды тағы да шығынға батырды. Мақтаның тиімсіздігін сезінген мақтаралдық шаруалар енді мақтаны суды аздау пайдаланатын дақылдармен ауыстыруды қолға алған. «2014 жылдан бері мақта егудің тиімділігі болмаған соң шаруалар көкөніс, жоңышқа, жеміс дақылдарын өсіруге көшті. Биыл өңірімізде дәнді-дақылдар алқабы 255 мың гектар алқапты құрады. Яғни, өткен жылға қарағанда дәнді-дақылдар 22 мың гектарға артық егілді», – дейді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Кеңес Алпысбаев.

Айталық, Мақтаралдағы «Қаршыға» шаруа қожалығының жұмысын атап өтейік. Осыдан біршама жыл бұрын жүзім шаруашылығын қолға алған шаруа қожалықтың бұл еңбегі текке кетпеген. Мақталы өңірде ақ алтын егуді дағдыға айналдырғандықтан алғашында сенімсіздік болғаны бар-ды. Дегенмен, бүгінде өнім алғашқы жемісін беріп те үлгерген. Бұл үшін Италиядан арнайы жүзім көшеттерін әкелген. Аудандағы мақта алқабы қысқарғанымен көкөніс, жеміс-жидектерді өсіру жұмыстары қарқынды дамуда. Себебі, шаруалар істің көзін тапса, нақ осы күндері бұл тиімді жұмыс. Мемлекеттен көмек ретінде қомақты қаржы да беріледі. Мәселен, 25400 гектар жерде бау-бақша өнімдері жүзім мен жеміс-жидектер бар болса, ол биыл тағы 5 гектарға ұлғайтылған. Бұл үшін шаруаларға осы жылдың өзінде 2,7 млрд теңге субсидия бөлінді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373