Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2985 0 пікір 4 Желтоқсан, 2016 сағат 16:19

Оңтүстіктің шаруалары еліміздің мақтанышы

Ауыл шаруашылығы саласында жылдан-жылға жағдай жақсарып келедi. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында былтырғы жылмен салыстырғанда биыл егiстiк көлемi 13 мың гектарға артқан. Бақша, көкөнiс, мақта, картоп, жемiс-жидектен мол өнiм жиналды. Бұған шаруашылықтардың агро технологиялық шараларды дұрыс жүргiзуiнiң, өнiм өндiруде озық технологияларды қолданудың нәтижесiнде қол жеткiзiлдi.

«Топырақты терең қопсыту технологиясы, тамшылатып суару әдiсi, жылыжай көлемi бойынша республикада алдыңғы орында келемiз», – дейдi облыс басшысы Жансейiт Қансейiтұлы өңір жетістігін сөз еткенде. Сонымен бiрге, облыс әкiмi ауыл шаруашылығы саласында орын алған жоғары көрсеткiштер жеңiлдетiлген жанар-жағармай, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау, инвестициялық субсидия, кредиттiк, лизингтiк үстеме ақыны субсидиялау бағдарламасы секiлдi мемлекеттiк қолдаулардың арқасында мүмкiн болғанын жеткiздi. Өңiр басшысы өз сөзiнде келер жылы Төлеби, Түлкiбас аудандарында қарқынды бау көлемiн ұлғайту керектiгiн, мал, тұқым шаруашылықтарын дамыту бағытында тиiстi жұмыстар қолға алынатынын атап өттi. Сондай-ақ жақында облыс әкiмi ауыл шаруашылығы саласында өнiм өндiруден жоғары нәтиже көрсеткен аудан, қалаларды арнайы сыйлықпен марапаттады. Астық өндiруден – Қазығұрт, мақсарыдан – Төлеби, мақта жинаудан – Мақтаарал, бақшалық дақылдарды өсiруден – Шардара, көкөнiстен – Сарыағаш, жемiс-жидек жинаудан – Түлкiбас аудандары, сүт өндiруден Арыс қаласы, ет өндiруден Ордабасы ауданы, «Сыбаға» бағдарламасын орындаудан Түркiстан қаласы, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша Бәйдiбек ауданы және озық инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан Шымкент қаласы бiрiншi орынға лайық деп танылды. Мұндай ынталандырулар аудандар арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, өзара рекордтарды жаңартуға ынта берері сөзсіз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377