Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3316 0 пікір 2 Желтоқсан, 2016 сағат 14:19

Логистикалық мәселелер шешілсе, шаруалардың ісі алға баспақ

Жеміс, көкөніс өндірісі бойынша әлемдік нарықтағы қазақстанның үлесі 1 пайызға да жетпейді екен. Сондай-ақ қазақстан Орталық Азиядағы жеміс, көкніс импорттайтын мемлекеттердің ең алдында тұр. Сондықтан мамандар бұл сала толық жаңартуды қажет етеді деп есептейді. Ол үшін не істеу керек? Осы саланы дамыту мақсатында үкімет шаруаларға қандай көмек береді?

Техникалық жабдықтардың тозуы, заманауи қоймалардың жетіспеуі, өңдеу ісінің жолға қойлмауы – бұл ауыл шаруашылығы саласындағы басты проблемалар. Мамандардың айтуынша, елімізде жеміс, көкөністерді өңдеу мәселесін көтеру әлі ертерек, өйткені қазір біздің еліміз жеміс пен көкністің Орталық Азиядағы ең ірі импортері. Алдымен шетелден келетін импорттық өнімдерді азайту қажет. Міне, содан кейін ғана өңдеу ісін қолға алуға болады. 

Сарапшы мамандардың пікірінше еліміздің жеміс, көкөніс саласын толықтай жаңарту қажет. Әлемдегі жеміс, көкөніс өндірісіндегі Қазақстанның үлесі 1 пайызға жетпесе де, отандық өндірушілер жаз, күз мезгілінде еліміздің ішкі нарығын жеміс және көкніспен толықтай қамтамасыз етеді. Жаз маусымында фермерлер 789 мың тонна жеміс-көкніс жинайды екен. Жеміс пен көкөністің жетіспеуішілігі қыс пен көктем айларында байқалады. Өйткені осы мезгілдердегі ішкі нарықтың жеміс пен көкөніске деген сұранысы 683 мың тонна. Маусымаралық кезде еліміздегі жылыжайлар 153 мың тонна көкөніс өсіреді. Ал қалған 530 мың тонна Орталық Азия елдерінен, Қытайдан, Ресейден, Ираннан әкелінеді. 

Жеміс, көкөніс өндірісімен негізінен еліміздің оңтүстігі айналысды. Әрине, бұл аймақтарда шағын шаура қожалықтары көп. Алайда олардың кейде межелеген өнімді өндіруге шамалары жетпей жатады. Оған шаруалардың суғару технологияларын, тыңайтқыштарды ұтымды қолдана алмауы секілді мәселелері кедергі болады. Осындай олқылықты жою үшін осыдан екі-үш жыл бұрын мемлекеттік бағдарлама аясында аймақтарды дамыту пилоттық жобасы іске қосылды. Осы бағдарлама аясында шаруа қожалықтары өз көрсеткіштерін екі есеге дейін арттыруға мүмкіндік алды. Пилоттық бағдарламада, айталық бір өңірдің жиырма шақты шаруашылықтары бірігіп, қалалардағы үлкен бір супермаркеттке өнімдерін шығарады. Бір ауданның өзінде жүздеген шаруа қожалықтары бар. Алайда олардың бәрін қамтуға мүмкіндік бола бермейді. Егер осындай логистикалық мәселелер шелісе, жергілікті шаруалардың ісі алға баспақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373