Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4545 0 пікір 1 Желтоқсан, 2016 сағат 12:30

Жеміс-жидек жыл он екі ай үзілмейді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданындағы «Амангелді» серіктестігі 17 жылдан бері жеміс-жидек, дәнді дақыл өсіріп, оны өңдеумен айналысатын облыс көлеміндегі ірі агроқұрылым. 150 гектар алқапқа жүзім бағы осыдан 9 жыл бұрын отырғызылған, одан бөлек алма, қара өрік, шабдалы, алмұрт өсіретін серіктестіктің жеміс бағы бүгінде 550 гектарға жеткен. 

«Жылына жүзімнің бір гектарынан кемінде 15 тонна, алманың бір гектарынан 30 тонна өнім жинаймыз. Келесі жылы бұдан да көп болады деп ойлаймыз. Жемістің өнімділігін 25 тоннаға жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз» дейді серіктестіктің бас агрономы Бирол Карабулут.

Бес жыл бұрын серіктестік тамшылатып суғару әдісіне көшкен. Интенсивті жеміс бағының көлемі 190 га. Жаңа технология суды үнемдеп қана қоймай, жемісті үсіктен, дауылдан, зиянкестерден сақтайды. 

«Жеміс ағаштарына тамшылатып суғару әдісін қолданамыз, сумен бірге түтікшелер арқылы жеміске қажетті минералдарды жібереміз. Келесі жылы бақтың төбесін арнайы қорғаныш тормен жаппақпыз. Мұның бәрі өнімділікті бірнеше есеге арттыруға септігін тигізеді», дейді бас агроном.

Жалпы құны жарты миллион теңгелік жобаны мемлекеттік компания қаржыландырған. Сондай-ақ серіктестік 2000 тонна жеміс сақтайтын қойманың құрылысына қажет 195 миллион теңгені де тиімді лизингпен мемлекеттен алған. Инвестициялық жоба жемістердің сақталу мәселесін толық шешкен. 

Агроном Балабек Шүлбаевтың айтуынша, 2015 жылы салынған қойманың пайдас өте зор. Мұнда жүзім, қара өрік шабдалы секілді жемістер екі-үш айға дейін сақталады, ал алма тіпті бір жылға дейін сқталады. 

Жеміс-жидек сақтау камерасына түскен соң ондағы оттегі сорып алынып, арнайы газ жіберіледі. Нәтижесінде өнім ұзақ уақыт балғын күйінде сақталады. Өнімдер Қазақстаннан бөлек Ресейге сатылады. Жыл он екі ай бойы мұнда жеміс барын білетіндер үнемі хабарласып, өнімді сатып алады, яғни сұраныс өте жоғары. 

Бүгінде серіктестік 150 адамға тұрақты жұмыс беріп отыр. Болашақта бау-бақша көлемін және жұмысшылар санын ұлғайту қарастырылып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333