Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Қоғам 3852 0 пікір 23 Қараша, 2016 сағат 12:53

Азық-түлік өнімдері мен жанар-жағармай материалдары бағасының өсуіне жол берілмейді

Ақтөбе облысында азық-түлік өнімдері мен жанар-жағармай материалдары бағасының өсуіне жол бермеу шаралары қабылдануда, - деп хабарлайды "Ақбөбе" басылымы.

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасына қатысты мәселе талқыланды деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығынан.

Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында азық-түлік тауарларына инфляция деңгейі 104,4 пайыз құрады, бұл республикалық деңгейден 1,3 пайызға төмен.

— Мониторингке сәйкес 21 позиция бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 33 түрінің бөлшек сауда бағасы бұрынғы деңгейде қалуда. 5 позиция: кеспе, қарақұмық жармасы, ақ қауданды қырыққабат, түйінді пияз, құмшекер бойынша баға төмендеп, 7 позиция бойынша бағаның өсуі байқалады: олар — өсімдік майы, 2,5% майлылықтағы сүт, мәйекті ірімшік, 2,5% және 3,2% майлылықтағы айран, тауық жұмыртқасы және түйіршектелген шай,— деп атап көрсетті Анар Даржанова.

Облыста 715 кәсіпорынмен, бөлшек саудамен шұғылданатын ірі кәсіпорындармен, көтерме жеткізушілермен және тауар өндірушілермен жасалған 530-дан астам меморандум жұмыс істеуде, соған сәйкес өндірілетін өнімдерге бағаның негізсіз өсуіне жол берілмейді.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу құрметіне 1 қарашадан 31 желтоқсанға дейін облыс басшылығының бастамасы бойынша «Анвар» және «Дина» ірі сауда желілері сүт, тауық жұмыртқасы, ет, қант, т.б. қоспағанда, әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларының 20 түріне, бағаны тұрақты ұстау бойынша акция өткізуде. Жүйелі шараларды қабылдау, бақылау жасау, мониторинг бойынша жұмыстар тұтыну нарығындағы бағаларды тұрақтандыру жөніндегі облыстық штабтың өткізілетін мәжілістерінде үйлестіріледі, осындай штабтар облыстың аудандарында да жұмыс істеуде. Жыл басынан бері облыста 350 облыстық және аудандық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп, оларда базардағыдан 10-15 пайызға төменгі бағамен 898,3 миллион теңгенің өнімдері өткізілді. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру аясында «Базарларды басқару» ЖШС мен «Пригородный ауыл шаруашылығы фирмасы» ЖШС арасында килограмы 50 теңгеден 1000 тонна картоп, 45 теңгеден 136 тонна сәбіз, 30 теңгеден 60 тонна қырыққабат, 55 теңгеден 10 тонна қызылша жеткізуге келісімшарт жасалды.

Аймақаралық кооперация аясында еліміздің оңтүстік өңірлерінен көкөніс және басқа өнімдерді тікелей жеткізу ұйымдастырылды. Қазірдің өзінде Қызылорда облысынан 88 тонна күріш, 64 тонна ас тұзы, Қостанай облысынан бірінші сортты 40 тонна ұн, 40 тонна сиыр еті, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 200 тоннадан астам көкөніс өнімдері жеткізілді. Бұл өнімдер «Табыс» коммуналдық базарында 10 пайыздан аспайтын сауда үстемесімен жалпы сомасы 70,6 миллион теңгеге сатылды. Сондай-ақ, «Анвар» және «Дина» сауда желілері Қызылорда облысының 18 кәсіпорындарымен 353 миллион теңгеге өнімдер жеткізуге өзара ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды. Облыста әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындар үшін 166 әлеуметтік бұрыштар, 2 әлеуметтік дүкен, 2 комиссиялық бөлім жұмыс істейді.

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің облыстық департаментінің басшысы Гүлнұр Масина әлеуметтік маңызды тауарларға бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін монополияға қарсы орган апта сайын азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай материалдарына баға мониторингін жүргізетіндігін, сондай-ақ бағаның күрт және негізсіз көтерілуінің себептерін, тауар қардарлылығы, монополиялық жоғары баға, бағалық «келісімдер» жөнінде анықтайтындықтарын хабарлады.

Қазіргі уақытта азық-түлік тауарлары базарларындағы тексерулер аяқтала келді, оның ішінде нан мен қантқа босату бағасын белгілеуде келісілген әрекеттер, тауық жұмыртқасы бағасын өсіру, сондай-ақ сұйытылған газды 16 бөлшек өткізушілер тұрғысынан деректер бар.

— Ең басты мәселе — бұл нан, жұмыртқа, май, қант және сұйытылған газ бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу. Қазіргі уақытта өңірде бағаны көтеру үшін ешқандай негіз жоқ. Бұған қарамастан, бұл мәселені ұдайы бақылауда ұстап, күн сайын баға мониторингін жүргізіп, әлеуметтік маңызды өнімдерге бағаның көтерілмеуі үшін барлық шаралар қабылдануы тиіс. Меморандумдардың орындалуы мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуге де осындай талаппен қараймыз, мерекелер алдында тұрғындар қажетті азық-түлік өнімдерін төменгі бағамен сатып алуы тиіс, — деп тұжырымдады сөзі облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

0 пікір