Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 2816 0 пікір 22 Қараша, 2016 сағат 13:14

Жер емген жүдемейдi

Диқаншылық — ата кәсiп. Мәшиненiң рөлiн ұстаған қуатты қолдар кетпендi жатсынған жоқ. Әрине, зейнет бейнетпен келедi. Танапта белiн жазбай тәулiк бойы жүрген кездерi көп. Тамшылатып тер төктi. Қамал бұзатын шағында қара жұмыстан қайтпады. Данышпан Абай айтқандай, «әуелi Құдайға сыйынып, екiншi өз қайратыңа сүйенiп, еңбегiңдi саусаң, еңбек қылсаң, қара жер де бередi, құр тастамайды» екен. Құла түзден мәшине жүретiн жол салды, алдымен жердi айдап, үстiне шағыл тас төсеттi.


...Бүгiнде үлкен фермер атанған Р.Кәмiлов басқаратын шаруа қожалығының фазендасында шаруа сан-салалы. Қауырт жұмыс қат-қабат жүргiзiлiп жатыр. 850 гектардан астам жерi бар, оның 380 гектардан астамы суармалы. Қалғаны жайылымдық деп есептеледi. Айналымдағы жер қорын ұлғайту мақсатында тағы 470 гектардай жайылым сатып алды. Ең бастысы, таудан ағатын бұлақ-қайнарлардың суын шөл далаға бұрып, оны суармалы алқапқа айналдырды. Өйткенi, сулы жер алтын қор саналады. Бұл айтуға оңай болғанымен, қаншама қаржы мен қажыр-қайрат жұмсалды десеңiзшi?! Үлкен жобаны жүзеге асыру үшiн 8 «HOWO» автокөлiгi, 1 қазғыш және тиегiш алып трактор тынымсыз жұмыс iстедi. Ең алдымен су жүретiн үлкен арық қаздырып, топырағынан тоғандар мен тоспалар тұрғызды. Жотаға су шығару үшiн кәнiгi диқандар есекке ауыр жүк артып, жоғары жаққа айдаған ғой. Байғұс жануар тiк қияға тiке тартпай қиғаштай жүрiп, ақыры жотаның басына шығады екен. Соның соқпағымен арық қаздырған егiншiлер суды осылайша биiкке дейiн апарған. Рүстемнiң де әрекетi соған ұқсайды.

— Оның ешқандай оқуы жоқ қой, — деп күледi бағбан. Бұл жұмыс әлi жалғасып жатыр. Оның табанына су өткiзбейтiн материалдар төсеп, жағасына тал-теректер отырғызып, айналасы көгалдандырылуда. Тоспа мен бөгеттердiң үстiне шағыл тас төселген. Келешекте оны асфальттауды көздеп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576