Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4052 0 пікір 16 Қараша, 2016 сағат 08:08

ЖАҢАӨЗЕН ЭЛЕГИЯСЫ

Жаз қылығы табылар қай күзіңнен,
Аңғарылып тұр мың сан жай жүзіңнен, -
О, Жаңаөзен, жаныңа көрем түскен,
«Елім-ай» әніндегі қайғы ізін мен.

Қарамай қырау шалды боз басыма,
Қоймайтын көңіл шайып,қозбасыңа,-
Тұншығып оянамын кей түндері,
Төгілген қалың қазақ көз жасына.

Мұнда бір гәп бар білем түс дегенмен,
Таста да дақ қалады тісдегеннен.
Қыс та ұзақ жатып алды жамбасы мұз,
Кетпейтін адамдайын күштегенмен.

Шарпысқан от пен оқтың арасында,
Қаралы қам-жай меңдеп барасың ба?
Оқалы ана адамның,қазақтарға,
Сұмдық бір суықтық бар қарасында.

Иімей жастан төккен тұр-ау көнің,
Тағдырдың сезіне ме, қырау демін?,-
Жаңаөзен, шерлі жаның сияқтанып,
Жүрегім жиі қағып тұр-ау менің.

Құм мінез, қу тірлікті, жайлап оппа,
Тұрғанда, тұсауға оны айла жоқ па?.
Талқы емес, тағдырда емес, адам қолы,
Жіберді бозбаланы байлап оққа.

Ұқсаған өксік қысты өр теңізге,
Жан жеген жоқтау күйін шертеміз бе?
Санам да салқын тартты, сартаптанып,
Ұрынған жапырақтай ерте күзге.

Сыңсиды жел өтінде қияқ талып,
Жайына кей бір жанда ұят қалып.
Жанымды жеп бітетін шығар қайғы,
Қалыға түскен күйе сияқтанып.

Аманхан Әлім

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588