12 РАУНД...
Головкин-Джейкобс кездесуі неліктен 12 раундқа созылды?
Салмақ қуғаннан кейін қайта қалпыңа келу деген болады. Джейкобс үшін дайындық лагері салмақ қуумен өтті. Головкин режімді дұрыс сақтағандықтан аса көп салмақ қумады. Бірақ, Гена IBF ережесіне сай кездесу алдындағы қайталанатын салмақ өлшеу рәсімінен өтті. IBF ережесі бойынша оның салмағы 170 фунттан аспауы керек. Дэниэль өмірі мұндай сыннан өтпеген. Яғни, тәжірибе жоқ. Салмақ қуған соң қайта қалпына келіп алады (кейбір деректер 81 келіге дейін жинайды деседі). Сондықтан ол өзін 77 келімен тежегісі келмеді. Өзін тежемесе, басымдыққа ие болатынын біліп, қызыл белдікті құрбандыққа шалды (салмағы ауыр боксшы клинч кезінде басым түсіп жатады).
Міне, IBF белбеуін иеленгенге дейін Головкин де ондай сыннан өтпейтін. Бұл - Джейкобстың қулығы. Өзі крупный боксшы. Осы фактор оның 12 раунд жұдырықтасуына сеп болды деп пайымдаймын. Егер ол ереже сақтағанда өз-өзіне толық келе алмас еді. Ресми салмақ өлшеудің өзінде суға жармасқан Дэннің әрекеті мұны айғақтайды.
Неде болса, жақсы бокс кеші өтті. Ыңғайсыз қарсыластың қамалы бұзылды. 12 раундта Головкин шаршайды ма, шаршамайды ма деген сауалға жауап тапқандай болдық...
Табиғат Абайлдаев
Abai.kz