Тінікеев: Мәжілісте Қарағандының өкілі болатынына қуаныштымын
Бұрынғы депутат Мұхтар Тінікеев Серік Сәпиевтің Мәжіліс депутаты болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біріншіден, мен Мәжіліс құрамында Қарағанды өңірінің өкілі болатынына қуаныштымын. Екіншіден, Серіктің әкесі - Жора аға (біз оны солай атаймыз) 40 жылдан аса шахтада жұмыс істеді. Оны шахтерлар құрметтейді, тек шахтерлар емес, сондай-ақ, қазақстандықтардың барлығы оған құрмет көрсетеді. Қазір Серікке кішкене қиындау болуы мүмкін, бұл рингте өнер көрсету емес қой. Бірақ меніңше, ол бұл жұмысты алып кете алады. Бастысы жүйелі түрде жұмыс істеу, рингтегідей бір әдісті ойлап тауып, министрлер мен шенеуніктерді "жұмысқа салу" керек", - деді Мұхтар Тінікеев.
"Парламент дегеніміз сөз сөйлеу деген сөз. Бірақ халықтың барлығы Парламентте отыра алмайды ғой. Халық онда өз өкілдерін жібереді. Мен де Серіктің халықтың өкілі болғанын қалмаймын. Ол үшін өте қуаныштымын, депутаттыққа шенеунік немесе біздің өңірдегі жігіттердің бірі емес, Серіктің келгеніне қуаныштымын", - деді бұрынғы депутат.
Абай ақпарат