ЖЕЛБІР ЖЕККЕН, ҚАРЖЫ КӨШКЕН ДҮНИЕ!
О заманда бұ заман, триллиондаған қаржыдан екі қолын төбесіне қойып қашқанды көргенім осы. Ол триллиондар - халықтың зейнетақысы ғой, қайда барарын білмей әрі-бері көшіп жүрген.
Алдымен бірыңғайдан жинақтаушыларға тарап кетті. Одан, жинақтаушылар дұрыс игере алмай жатыр деп бір орталыққа қайырылды. Енді, қайтадан жеке мен шет елдіктердің қолына береміз деп жатқан көрінеді.
Тарихта ұлы көштердің түр-түрін бастан кешіп едік. Енді, триллиондаған ақшаның қайда барарын білмей сенделіп, "қаржы көшкенді" де көретін болдық.
Әзірше, "Желбір жеккенді" айтып әндетіп жүрміз-ау. Ертең қандай әнге басарымызды?
Серік Жанболат
Facebook-тегі парақшасынан