Жұма, 22 Қараша 2024
Деп жатыр 4721 0 пікір 30 Қаңтар, 2017 сағат 16:58

ТАНЫМАЛ ҒАЛЫМ ДИМАШТЫҢ ЖЕҢІСІН "ҚЫТАЙДЫҢ КЕЗЕКТІ САЯСАТЫ" ДЕП БАҒАЛАДЫ.

Белгілі дінтанушы Мұртаза Жүнісұлы Димаш Құдайбергеновтің жеңісіне қуанғандарды сынады. Оның айтуынша, Қытай халқы медалін беріп, алдап-сұлдап қазақ халқын өзіне қаратып алмақ.

Ол Facebook-ғы парақшасында Қытайдың ақырындап елімізді жаулап бара жатқанын жазған.

Қытайлардың мақсаты орындалған екен, біздің көпшілік мұны құр əн байқауы жəне қазақтың шынашақтай баласының бағының жануы деп қабыллап үлгеріпті. Өз елінде неше түрлі тосқауылға ұшырап, жолы болмаған қазақтың жас баласының талантын Қытай елі мойындап жатыр, неткен əділетті қытайлар, жақсы халық екен, қазаққа жаны ашитын халық екен ғой, қорқатындай ештеңелері де жоқ екен ғой, осы бекерден бекер үрейленіп жүріппіз қытайлардан т.б. деген пікірлерді оқып жатырмын. Мəселе, Димашта да емес, оның дауысы мен талантында да емес, ол медальдің бізге көрініп тұрған жүзі. 

Бірақ, мына конкурс арқылы Қазақстан қоғамының, əсіресе қазақтардың Қытай еліне, қытай халқына деген көзқарасы айтарлықтай өзгеріп кетті, политтехнологтардың көздегені де осы болған шығар. Мұнай кен орындарының айтарлықтай бөлігі қытайлардың қолында, 51 зауытын бұзып жинап Қазақстанға əкеп орналастырайын деп жатыр. Қазақ қыздарын бойдақ қытайларға ұзату жобасы жүріп жатыр. Қазақстаннан ауылшаруашылығы нысанасы болып табылатын жерлерді сатып алу немесе жалдау мақсаттары айқын. Шыңғысханның киносы мен сериалдары осыдан оншақты жыл бұрын алғашқы пиар жобаларының бірі ретінде тиімді жүзеге асырылды. Көрермен жылы қабылдап, астыңғы санаға Қытай киноматографиясының оң имиджі орналастырылды, тіпті қытайша үйрене бастаңдар деген сөздерді естідік. Енді осы əн байқауы тағы бір рет керемет күшті, бай жəне əділетті Қытай елі түсінігін санаға құйып берді. Қуаныңыздар, қуана беріңіздер!» – деп жазады ол.

Айта кетейік, жерлесіміз Димаш Құдайбергенов Қытайда өтіп жатқан I am a Singer жобасына қатысып жатыр. Байқаудың алғашқы кезеңінде Димаш әйгілі француз әнін орындап, жеңіс тұғырынан  көрінді. 28 қаңтар күні өткен екінші кезеңде Димаш алғашқы жеңісін қайталады.

 

Сайтқа әзірлеген: Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5314