Жұма, 22 Қараша 2024
Деп жатыр 4793 0 пікір 27 Қаңтар, 2017 сағат 12:13

ЛЕОНАРДО ДИ КАПРИО ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛМЕК.

Голливуд актері, БҰҰ-ның климат проблемалары жөніндегі бейбітшілік елшісі, «Оскар» сыйлығының лауреаты Леонардо ди Каприо Қазақстан Үкіметі мен Жолбарыстардың популяциясын қайта қалпына келтіру жөніндегі жабайы табиғат қоры арасындағы келісімге қол қою рәсіміне қатысады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы Салтанат Рахымбекова мәлім етті. Оның атап өтуінше, коалиция «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы аясында үлкен келісімді жүзеге асыруға кірісті. Бұл келісім елімізде 30-40 жыл жұмыс істеп, Іле-Балқаш өңіріндегі экожүйені, жолбарыстардың популяциясын қайта қалпына келтіру бағытын жандандыруы тиіс.

 «Біз Жабайы табиғат қорымен бірлесіп, біздің Үкімет пен қор арасында аталған жобаға 10 млн. еуро қаржы тарту туралы үлкен келісім дайындап жатырмыз. Бұл келісімге 2017 жылдың 8-9 қыркүйегінде, яғни ЭКСПО көрмесінің жабылуы кезінде қол қойылады. Жабайы табиғат қоры атынан Нидерланды ханшайымы Лаурентин келеді. Ол Нидерландының Климаттың өзгеруі жөніндегі қорына басшылық жасайды. БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі елшісі, WWF-тің  жолбарыс бағдарламасының елшісі Леонардо ди Каприо да келмек. Мұнан бөлек, танымал ғарышкерлер де болады», - деді ол.

 Рахымбекованың атап өтуінше, қазіргі уақытта министрліктермен және «Астана ЭКСПО-2017» компаниясымен бірге аталған шара өтетін аймақты белгілеу мәселелері талқылану үстінде.

 «Сондықтан біздің осыдан екі жыл бұрынғы климаттың өзгеруі жөніндегі бірінші әрі жалғыз елші Ди Каприоны Қазақстанға шақыру бастамамыз жүзеге асатын сияқты. Өйткені, Жабайы табиғат қоры бұл сапардың барлық қаржылық шығындарын өз мойнына алады», - деп жеткізген болатын.

 

Сайтқа әзірлеген Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313